жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
24 Қыркүйек 2014

24 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Ведомства басшысы және облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Теміртауда «Президент пен перзент» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Ең алдымен, аймақ басшысы жиналғандарды жаңа кітаптың жарық көруімен шын жүректен құттықтады. - Бұл кітаптың дәл Теміртауда тұсауы кесіліп отырғаны тегін емес. Себебі, металлургтер қаласы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек және саяси атамекені болғанын жақсы білесіздер.Облыстың миллиондаған жұртшылығы, әрбір тұрғыны бұны мақтанышпен айтады,-деді Н.Әбдібеков. Кітапта Елбасымен түрлі іс-шаралар кезінде жүздесіп, тілдесу мүмкіндігіне ие болған, ал бүгінде әр салада жетістікке жеткен жас жеткіншектер туралы мол мағлұмат берілген. Елбасының батасын алып, білімдерін шыңдап жүрген өрендердің ел дамуына қосқан үлестері жайлы айтылады. Сонымен қатар, жинаққа республикамыздың әр өңірінен шыққан 32 мектеп оқушысының Елбасы туралы жазған «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбындағы шығармалары енгізілді. - Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы жас ұрпақты жан-жақты қолдап, уақыт тауып, олармен жиі кездесіп отырады. Сол бір жүздесулерде Елбасының алдында талантымен танылып, алғысын алып, тілегін тыңдаған қаншама баланың өмірде де, өнерде де бағы жанды. Жарық көрген жаңа кітап – осы жайында жан-жақты баяндайды. Менің ойымша, бұл кітаптың жарық көруі – ел өміріндегі елеулі оқиға. Келер ұрпақ үшін де тәлімі мол, тәрбиесі зор бірегей оқу құралы,-деп түйіндеді сөзін облыс әкімі. Сондай-ақ тұсаукесер рәсімінде Мемлекет басшысы баспасөз хатшысының орынбасары Бауыржан Омаров, Президенттің серіктестері Қуаныш Омашев, Нина Вахитова, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов тәрбиелік маңызы зор кітап жайлы жылы лебіздерін жеткізді. Сапар соңында Аслан Сәрінжіпов пен Нұрмұхамбет Әбдібеков өңірде алғаш болып дуальді білім беру жүйесін енгізген Теміртау политехникалық колледжін аралады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы