жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
10 Шілде 2014

Н.Әбдібеков: «Инвестжобалардың жүзеге асуы арқасында болат өндірісінің көлемі артты»

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жергілікті басқарушы органдарының ең басты мақсаты – үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Бүгінгі күні өңірімізде құны 500 млрд теңге болатын 80 жоба Индустриаландыру картасына еніп отыр. Осы жобаның екеуі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншісінде. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Теміртау қаласында болып, жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Алғашқысы №3 демондық пеш. Құны 173 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл жалпы өнімді 16% ға арттырмақ. Жылына 1,7 млн тонна.
Жоба жетекшілері бұл бастама жұмысты жеңілдетіп, өнімнің саны мен сапасын арттырады деп сендірді облыс басшысын.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншісіне бұйырған екінші жоба № 2 газтазалау конверттік цехі. Құны 130 млн АҚШ долларын құрайды.
Облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков бұл жобаларды жүзеге асыру Елбасымыздың болат өнімдерін жылына 6 млн тоннаға өсіру туралы тапсырмасын орындауға мүмкінік береді деп баса айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы