жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
10 Шілде 2014

Көкпекті тұрғындары үйлерін жоспарлаған уақытында алады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Төтенше жағдайдан зардап шеккен Көкпекті ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үйлерін жоспарлаған уақытында алатын болады.
Бұл туралы 10 шілде күні болған жұмыс сапарында облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков пен ҚР ТЖ Министірі Владимир Божко хабарлады.
Ведомство басшысы мен облыс әкімі апат болған ауылды аралап, тұрғындарымен сұхбат жүргізіп, жаңадан тұрғызылып жатқан үйлердің жұмыс барысымен танысты.
Артынша Бұқаржырау ауданы әкімінің атқарылған жұмыстары жайында есебін тыңдады.
Қазақстан көпсалалы даму және өркендеу институтының мамандары Көкпектіде тексеріс жұмыстарын жасады.
Бүгінге дейін 271 нысан оның ішінде 261 тұрғын үй, 5 дүкен тексерілген. 49 үй қауіпті жағдайда деп саналды. 273 пәтерге жөндеу жұмыстарын жасауға болады.
Өздеріңіз білетіндей, «Аспап» ЖШС-мен келісімшартқа тұрдық. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс 25 мамырда басталған болатын. Біз облыс әкімімен бірге жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймақтарды аралап шықтық. Тұрғындармен кездестік. Түйінді мәселелермен таныстық. Шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Бірақ 1 қыркүйекке дейін бәрі оңалады. Мен бұған сенімдімін,- деді сапар соңында Владимир Божко.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы