жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
02 Мамыр 2013

Облыс әкімі Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты

2 мамырда облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Облыс басшысы алдымен асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын «Свиридов» шаруа қожалығына ат басын тіреп, ауыл шаруашылығында жүзеге асырылып жатқан осынау жобаның жай-жапсарымен танысты. Осыдан кейін «Алтай полиметалдары» ЖШС-нің «Көктасжал» кен орнында салып жатқан тау-кен кешенінің құрылысын көріп шықты. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның жалпы құны 12,8 млрд. теңге. Іске қосылған соң тау-кен кешенінде инновациялық технология бойынша жылына 3 млн. тонна мыс кені өндіріліп, тұтынушыға 600 мың тонна мыс концентраты жөнелтілетін болады. 300 жұмыс орны құрылатын болады. Бүгінгі күні кенішке Екібастұздан электр желісі тартылып, өнеркәсіптік алаң салынды, Теректі ауылынан кенішке дейін 10 шақырым жол төселіп, тұрғын үйлер мен су құбырларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 10 млрд. теңге инвестиция игерілген. Нысанның іске қосылу мерзімі – 2014 жыл. Жұмыс сапары Егіндібұлақ селосында жалғасты. Мұнда аймақ басшысы Қаз дауысты Қазыбек биің ескерткішіне тағзым етіп, селолық аурухана мен №43 орта мектепте болды. Нысандарды аралап шыққан соң облыс әкімі Егіндібұлақ селосының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады. Арқаның алтын тәжі атанған Қарқаралы - туризмді дамытуға өте қолайлы аудан. Бұл ретте «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Тасбұлақ» тау отелі» заманауи көпфункциялы туристік кешен құру» жобасы да осындай игі мақсатты көздейді. Демалыс орнының директоры Талғат Акуовтың айтуынша құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң «Тасбұлақтың» көрсететін қызмет түрлерінің аясы кеңейіп, спорттық және этно-экологиялық туризмді дамытуға да қомақты үлес қосатын болады. Қарқаралыда облыс әкімі №5 кәсіптік лицей қызметімен танысып, Құнанбай қажы мешітінде болды. Сондай-ақ бұрынғы орталық аурухана ғимаратының жағдайымен танысты. Осыдан кейін Бауыржан Әбдішев актив жиынын өткізіп, онда Қарқаралы ауданының ағымдағы жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы