жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімнің іс сапарлары

Назад
26 Сәуір 2013

Теміртауда оқытудың дуалды жүйесін енгізу бойынша ІІ республикалық форум болып өтті

26 сәуірде Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің базасында «Техникалық және кәсіптік білім беруде оқытудың дуалды жүйесін енгізу тәжірибесі» тақырыбында республикалық форум болып өтті.

Форумның мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі білім беру мекемелерінің тәжірибесін зерделеу, кәсіптік-техникалық білім беру саласында дуалды оқыту технологиясының енгізудің механизмдерін дамыту болды. Оның жұмысына Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев, Қазақстан Республикасы білім және ғылыми вице-министрі Саят Шаяхметов қатысты. Форумға облыстардың, Астана және Алматы қаласы әкімдерінің орынбасарлары, бірқатар салалық министрліктердің вице-министрлері, ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдері, республикамыздың ірі кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің өкілдері шақырылды. Форум күнтәртібіндегі мәселені талқылау Қарағанды облысы әкімінің баяндамасынан басталды. - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында білім мен кәсіби іскерлік дағдылар – қазіргі заманғы білім беру мен кадрларды даярлаудың басты бағыты екендігін айрықша атап өтті. Оқытудың дуалды жүйесі осы талаптарға толық жауап береді, - деді ол өз сөзінде. Аймақ басшысы заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік беретіндігін атап өтті. Мысалы, Қарағанды облысының колледждерін 2012 жылы осы технологиямен бітіріп шыққан 900 түлектің 90 пайызы жұмысқа орналастырылды. Ал, дәстүрлі әдіспен білім беретін колледж түлектерінің тек 82 пайызы ғана еңбекпен қамтылған. Өңірде дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылдың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған. Бірқатар шетелдік және отандық компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Дуалды оқыту жүйесінің механизмдері облысымыздың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында өндірістік практика мен тағылымдамадан өткізу жұмысында оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. - Дегенмен бұл жүйе колледждер мен кәсіпорындар арасындағы байланыспен шектеліп қалмауы керек. Бұл үрдіске негізгі, орта және техникалық кәсіптік оқыту буындарының сабақтастығы арқылы барлық жалпы білім беретін мектептерді кеңінен тарту қажет, - деді Бауыржан Әбдішев. Осыған орай облыста ерте бейіндеу негізінде үздіксіз кәсіптік білім беру моделі әзірленіп, сыннан өткізіліп жатыр. Бұл мектеп оқушыларына болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі, әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Осы үлгіні іске асыру барысында оқушылар өзінің алдағы уақыттағы алатын білімін саналы түрде таңдай алады, өзінің жан-жақты білімді тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтылған шәкірттер қатары көбейеді. Нәтижесінде аймақ экономикасына еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрлар легі қосылмақ. Бүгінгі күні осы үлгі Қарағанды қаласының 10 колледжі мен 20 мектебінде апробациядан өткізілуде. «Дуалды оқыту – кадрлардың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі» деп аталды білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтың баяндамасы. Форумның өзге де қатысушылары жасаған баяндамаларда дуалды оқыту жүйесін енгізу келешегі, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын бизнесмендерге сенімді басқаруға беру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принциптеріне негізделген жаңа оқыту моделін құру, аграрлық секторға маман даярлау және басқа да өзекті мәселелер қамтылды. Осыдан кейін «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ мен еліміздің бірқатар техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелері арасында дуалды оқыту туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ форум қатысушылары техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің «Дуалды оқыту - әлеуметтік әріптестік нәтижесі» тақырыбындағы көрмесімен, Қарағанды политехникалық колледжінің студенттік конструкторлық бюросы мен ІТ орталығының жобаларымен танысты. Форум жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы