жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Назад

Ерлан Кошанов

Қарағанды облысы әкімі Eqoshanov
Статистика

Экономика  


ID вопроса: 18550

21.02.2020
Вопрос от: Касимова Гульмира

Вопрос:

Мен сизден сурайын дегем кәзир 4 балам бар. 1жаска толғанда пасобия тоқтады. 42500 алам. Ипотека төлеймиз садик бар төлейтін олда қымбаттады. Отагасынын алатыны 100мын ешқайда жеткизалмаймыз. Жумыскашыгайын десем кишкентайым әли 2 ге де толмады. Қандай программалар бар биздей жастарға жұмыс жағынан комектесулеринизди сураймын

Ответ:

Сұрағыңыз үшін рахмет.

2020 жылдың 6 наурызында «Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің маманымен телефон арқылы әңгімелесу барысында, кішкентай баланыз болғандықтан, Сіз жұмысқа орналасудан бас тарттыныз. Сонымен қатар, жеке бизнесті дамыту үшін қаржылық көмек көрсету мәселесі бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының» (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесті ашуға немесе кеңейтуге микрокредит беру қарастырылғаны Сізге түсіндірілді.

Кредиттер/микрокредиттер алуға «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) сертификаты бар Бағдарлама қатысушыларының құқығы басым.

Үміткерлер тікелей немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ӨКП) аудандық филиалдары, ауылдық округтер мен елді мекендер әкімдері арқылы консультация алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Бағдарламаға қатысушыларға кредиттер/микрокредиттер беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзімі- 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін кредит/микрокредит мерзімі- 7 жылға дейін;

2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:

- ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда - 2,5 мың АЕК дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 5,0 мың АЕК дейін;

- қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа ) - 6,5 мың АЕК-ке дейін;

3) көп балалы және аз қамтылған отбасыларына номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%-дан аспайды.

Сондай-ақ, бағдарламаның екінші бағыты аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру көзделген.

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарлама қатысушыларына өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар беріледі.

Мемлекеттік гранттар қажетті мүкәммал, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады.

Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Мемлекеттік гранттарды алуға Бағдарлама қатысушының бір реттік құқығы ғана бар.

Мемлекеттік грантты алуға арналған бағдарлама қатысушылары үшін міндетті шарттар:

1) оның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуде болуы;

2) ӨКП оң қорытындысының болуы;

3) "Бастау – Бизнес" жобасы бойынша немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтау туралы құжаттың болуы.

Микрокредиттер және мемлекеттік гранттар бойынша толық ақпарат алу үшін Бұқар жырау даңғылы 51/4 үй (1- қабат) мекен-жайында орналасқан «Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жүгіну қажет.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда.

Жауаппен келіспеген жағдайда, 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқыңыз бар.

Құрметпен, Ж. Қасымбек

 

Вернутся назад

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы