жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Назад

Ерлан Кошанов

Қарағанды облысы әкімі Eqoshanov
Статистика

Экономика  


ID вопроса: 17627

26.09.2019
Вопрос от: Рахимжанова Кульпаш Каирбековна

Вопрос:

Сәлеметсіз бе, Жеңіс Махмұдұлы! Мен 2017 жылдың қараша айында Тұрғынүйжинақ банкінің ипотека бойынша жариялаған конкурсынан «Панель-центр» шағынауданы №1 үйдің 18 пәтерін (МИО) алдым. Үйдің 3 подъезі беріліп, 1-2 подъезд әлі күнге дейін тұрғындарға берілмей жатыр. Себебі: подъезді салушы мердігер құрылысшылармен сот ісі басталған. Көктем кезінде КТК телеарнасынан болған репортажда облыс әкімдігінің құрылыс істері бойынша жауапты маманы қалған 2 подъездің осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға берілетінін айқан еді. Өкінішке орай, 1-подъезд ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмей, сол күйі жабулы тұр. Жоғары қабаттардың терезелері қыстағы боран мен желден ашылып, сынып қалған. Сондықтан биылғы жылдың аяғында берілетініне үлкен күмән бар. Мен Алматы қаласында 17 жыл пәтерсіз тұрдым. 2007 жылы Қарағандыға көшкендегі себебім, Алматымен салыстырғанда үй арзан, тезірек үй алсам деген мақсатым болған. Содан бері пәтер жалдап келе жатқаныма 12 жыл болды. Мемлекеттік қызметші ретінде кезекке тұрып, Тұрғынүйжинақ банкі арқылы 1 бөлмелі пәтерге әрең қол жеткіздім деп едім, сол пәтердің беріледі дегеніне 2 жылдан асты. Тапқан табысымды ипотекаға төлемей, пәтер жалдауға төлеп отырмын. Осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы құрылыс бөлімінің бастығына жазған өтінішіме алған жауапта да 1-подъездің жыл соңында берілетіні айтылған. Бірақ, ол жерде ешкім құрылыс жұмыстарын жасап жатқан жоқ. Сізден өтініш, осы подъездің аяқталуын қадағалап, өз пәтерлерін күтіп жүрген тұрғындарға тезірек берілуіне атсалыссаңыз екен. Алдын ала алғысымды білдіремін. Жаңа қызметтегі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Құрметпен, Рахымжанова Күлпаш

Ответ:

Сұрағыңызға рахмет!

Бүгінгі күні «Компания АСК-Кұрылыс 1» ЖШС мердігерлік ұйымымен сот тартыстары жүріп жатыр, сот шешімінің қорытындысымен құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі анықталатын болады.

Құрметпен, Ж.Қасымбек.

 

Вернутся назад

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы