жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Назад

Ерлан Кошанов

Қарағанды облысы әкімі Eqoshanov
Статистика

Экономика  


ID вопроса: 17542

13.09.2019
Вопрос от: Қылбаев

Вопрос:

Ассаллаумағалейкум , Ерлан мырза , мен Қылбаев Айбек Зейнулла ұлы , әкем Қылбаев Зейнулла Тойкен ұлының атынан жазып отырмын . Менің әкем 1960 ж туылған , жалпы жұмыс өтілімі 42 жыл (стаж) Ульяновский район , Қазіргі , Бұқар Жырау ауданы , Алғабас ауылының тумасы , 2000 жылы , Қарағанды қаласына көшіп келгенбіз , Қарағандыдағы стажы 20 жыл бір жұмыс орынында , ст Большая Михайловка , бұрынғы ПЧ 25 Сары-Аркинская дистанция пути , Жалақы аз 65-70 мың теңге ,,, штат бойынша , "Тракторист " өз ойым , жалақыны көтерсе екен , стажға қарай , өмірдің , социально-экономиқалық жағыдайға сай !!! Сосын стаж мәселесін -зейнетке шығу мәселесін , стажға сәйкес шығу , соны үкімет қарастырса екен !!!,,,, Назарыңызға , рахмет !!!

Ответ:

Сұрағыңыз үшін рахмет.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (мәтін бойынша - Кодекс) 145 бабының 1 тармағына сәйкес тексеруді мемлекеттік орган тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.

Жоғарыда көрсетілген Кодекстің 145 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына сай тексеру тағайындау туралы актiде бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.

Сіздің арызыңызда, Сіз еңбек еткен ұйымның (ЖШС, ЖК және т. б.) атауы көрсетілмеуіне және өтініші электронды қолымен бекітілмеуіне байланысты тексерісті тағайындау жөніндегі актіні ҚР Бас прокуратурасының Қарағанды облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Басқармасына тіркеу мүмкін болмай отыр.

Сол себепті, жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасы талаптарын сақтау сұрақтары бойынша жоспардан тыс тексеріс өткізу үшін арызда, Сіз еңбек еткен ұйымның толық атауын көрсетуіңізді және аталған арызды Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолдауыңызды сұраймыз. Жауаппен келіспесген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Сіздің шағымдануға құқығыңыз бар.

Құрметпен, Ж. Қасымбек

 

Вернутся назад

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы