жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Назад

Ерлан Кошанов

Қарағанды облысы әкімі Eqoshanov
Статистика

Экономика  


ID вопроса: 17360

15.08.2019
Вопрос от: Бекмаганбет Айгерим Саяткызы

Вопрос:

Салеметсизбе !!! Менин балам ДЦП бизге 2 жыл бурын Алматыга КВОТА берилген. Одан бери али ешкандай тегин лечение алган жокпыз. Зан бойынша бизге жылына бир рет болу керек емеспе? Жане тургын уй кезеги де жылжымайма? Мини баламмен алысып , анада мында кошип жургениме 4 жыл болды. Осы 4 жылда акимнен бир комек кормедик. Неше бардим акиматка, неше хат жаздым жауапсыз.

Ответ:

Құрметті Айгерим Саяткызы, сіздің өтінішіңізді қарап, ұсынылған ақпарат бойынша, Сіз 2018 жылдың 19 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-баптың 3-тармағына сәйкес «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары» санатында тұрғын үйге мұқтаж тізімінде тіркеулі.

2018 жылы кезектілік номері – 5232.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың тізімінде тұрған азаматтарға келесі бағыттар бойынша тұрғын үй беріледі: мемлекеттік тұрғын үй қорынан және мемлекеттік бағдарламалар бойынша.

Сонымен қатар Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес кезекте тұрған азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Осыған орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй пайдалануға қабылданған тұрғын үйлердің болуына қарай тізімге сәйкес (санаты бойынша) кезектілік тәртібінде беріледі.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге арыз берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағымдана алады.

 

Вернутся назад

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы