жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сайлау комиссияларының ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Назад
25 Мамыр 2019

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Б.Аймағамбетовтың және облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдерімен кездесуі

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Б.Аймағамбетовтің және облыстық сайлау комиссиясының мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының ұзақмерзімді байқаушылары Мартин Россман (Австрия) және Камиль Форитпен (Франция) кездесті.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Б.Аймағамбетов ағымдағы жылдың 10 сәуірі мен 9 маусымы аралығындағы сайлау органдарының іс-шаралары мен сайлау науқанының барлық кезеңдері туралы айтып берді.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстарының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары және сайлау науқанының негізгі кезеңдері сияқты мәселелер қаралды.
ЕҚЫҰ / ДИАҚБ миссиясының өкілдеріне 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттар түсіндірілді. Сонымен қатар сайлау процесінің мүшелерін электоралды оқытуды ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын сақтау мәселелері сөз болды.
Кездесуге қатысушылар сайлау процесі және дауыс беру күніне сайлау комиссиялары мен учаскелерді дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Облыстық сайлау комиссиясы  



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы