жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сайлау комиссияларының ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Назад
19 Қаңтар 2019

Қарағанды қаласында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Б. Аймағамбетовтың қатысуымен семинар-кеңес болып өтті

Үстіміздегі жылдың 18 қаңтары күні Қарағанды облысында аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен сайлау заңнамасындағы, комиссиялардың жұмыс жоспары мен істердің номенклатурасындағы өзгертулер жайлы және «ҚР ОСК инженерлік – техникалық орталығы» РМК шарттарды жасасудың тәртіптері бойынша семинар – кеңес болып өтті.
Аталған шараға өз өкілеттіктерін кәсіби негізде атқарып жүрген аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, хатшылар қатысты.
Кеңес барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу мәселелері талқыланып, жұмыс жоспарларын, номенклатураны құрастыру, ҚР ОСК РМК еңбек шарттарын жасасу туралы түсіндірмелер берілді.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Б.Аймағамбетов өз сөзінде аумақтық және учаскелік комиссиялардың сайлау жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатынын, сонымен қатар олар арқылы жергілікті жерлерде сайлау туралы заңнаманың орындалуы және біркелкі қолданылуы қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

Облыстық сайлау комиссиясы



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы