жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сайлау комиссияларының ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Назад
24 Қазан 2018

Қарағанды қаласында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х.Баймолдинаның қатысуымен өткен семинар-кеңестің

22 қазан 2018 жылы Қарағанды қаласында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х.Баймолдинаның қатысуымен сайлау заңнамасында орын алған өзгерістер, электоральді оқыту, сайлаушылар мен сайлау участоктары туралы ақпараттарды жинау тәртібі бойынша семинар-кеңес болып өтті.
Аталған шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ж.Искаков, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, сертификатталған жаттықтырушылар, әкімдер аппараттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері, облыс мәслихаттарының хатшылары қатысты.
Жиналыс барысында сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер, сайлаушылардың тізімдерін әзірлеу бойынша жұмыстарды жетілдіру, сайлау процессіне қатысушылардың электоральді мәдениетін көтеру бойынша мәселелер қаралды.
ҚР ОСК мүшесі З.Х.Баймолдина өз сөзінде аумақтық және учаскелік комиссиялардың сайлау жүйесінің негізгі бөлігін құрайтынын, сондай-ақ олардың жергілікті жерлерде заңнаманың орындалуы мен оның біркелкі қолданылуын тікелей жүзеге асыратындарын атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейлерін жетілдіруге, сайлау туралы қолданыстағы заңнама талаптарының қатаң түрде сақталуына баса назар аударатыны аталып өтті. Бұл үшін ОСК аймақтарға жұмыс сапарларымен шығып, шешілуі қажет мәселелерді нақты зерделеу бойынша шараларды жоспарлап отырғаны айтылды. Сонымен қатар З.Х.Баймолдина өз сөзінде отырысқа қатысушыларға электоральды шаралар аралығындағы кезеңде ОСК негізгі жұмыс бағыты сайлау жүйесінің негізгі құқықтық аспектілерін түсіндіру, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, сайлау участоктарының шекараларын анықтау екенін айтып өтті.
Зауреш Хамитқызы, осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясымен біршама жұмыстардың атқарылып, сайлау заңнамасы зерделеніп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстардың енгізілгенін айтты. Сонымен қатар сайлау комиссияларының мүшелерін кезең – кезеңмен оқыту үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажеттілігін атап өтті.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы