жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сайлау комиссияларының ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Назад
26 Наурыз 2018

«Қарағанды облысы бойынша кеткен депутаттардың орнына мәслихаттар сайлауында дауыс беру нәтижелері туралы» ақпарат

Мәслихаттардың кеткен депутаттарының орнына ағымдағы жылғы 25 наурызда №9, №15 сайлау округтері бойынша Қарағанды облыстық мәслихатына, №12 сайлау округі бойынша Жезқазған қалалық мәслихатына, №18 сайлау округі бойынша Теміртау қалалық мәслихатына, №7 сайлау округі бойынша Шахтинск қалалық мәслихатына, №1 сайлау округі бойынша Приозерск қалалық мәслихатына, №5 және 13 сайлау округтері бойынша Саран қалалық мәслихатына, №9 Қаракеңгір сайлау округі бойынша Ұлытау аудандық мәслихатына сайлау өткізілді.

Сайлау науқаны барысында 30 кандидат ұсынылды, 1 кандидатты «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 104 бабының 3 тармағына сәйкес керекті құжаттар ұсынбағандықтан, округтік сайлау комиссиясы тіркеген жоқ, №15 Шығыс сайлау округінің екі кандидаты бойынша «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 104 бабының 3-1 тармағына сәйкес кірісі мен мүлкі туралы дәйексіз мәліметтер анықталуына байланысты тіркеу туралы шешім жойылды.

Облыс бойынша сайлау бюллетеньдеріне барлығы 27 кандидат енгізілді.

Ағымдағы жылғы 28 ақпаннан бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісті, ол ағымдағы жылғы 23 наурыздың 24.00 сағатына дейін созылды.

Ағымдағы жылғы 10 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімдерін және дауыс беретін залдардың орналасқан жерін нақтылау бойынша тиісті округтердің сайлаушыларымен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Бұл округтер бойынша дауыс беру тізімдеріне 65 мыңнан аса сайлаушылар енгізілді. Дауыс беретін күні сайлау учаскелеріне 46 159 адам келді, бұл сайлаушылардың жалпы санының 71% құрайды.

Облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау өткізілген учаскелерге сайлаушылардың келуі 68,5% құрады. Облыстық мәслихатқа келесі кандидаттар сайланды:

Округ атауы

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Білімі, мамандығы

Жұмыс орны,
лауазымы

Тұрғылықты жері

№ 9 Теміржол сайлау округі

Майқыбеков Айдос Мқатайұлы

1966

жоғары,
инженер

ҚТЖ» ҰК» АҚ Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі» филиалының директоры

Қарағанды қаласы

№ 15 Шығыс сайлау округі

Чернов
Дмитрий Дмитриевич

1963

жоғары,
дәрігер

«№1 қалалық аурухана» КМҚК директоры«№1 қалалық аурухана» КМҚК директоры

Қарағанды қаласы

Сайлау науқаны сайлау заңнамасына сәйкес өткізілді.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы