жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 32°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Басқа мәселелер

Назад

Сұрак

Жауап

1

Әкім отставкаға кете ала ма?

Жоқ. Ол өз өтініші бойынша босату туралы арыз бере алады.

2

Егер оның кандидатурасы аудан әкімі ұсынғандар қатарында болмаса, қазір қызмет атқарып отырған әкім қайда барады? Қызмет атқарып отырған әкімдерді босату тәртібі қалай? Оларға жәрдемақы төлене ме?

Ереженің 64 тармағына сәйкес бұрын тағайындалған ауыл әкімдері жаңа сайланған әкім тіркелген мерзімнен бастап өз өкілеттігін тоқтатады. Бұл жағдайда ол бос орынға ауыстырылады немесе босатылады. Оған жәрдемақы төлеу қарастырылмаған.

3

Егер бұл қызметке басқа басқа адам сайланса, сайлау кезінде баласы үш жасқа жеткенше демалыста болған ауыл әкімінің жұмыс орны мен лауазымы сақтала ма?

Еңбек кодексіне сәйкес (95 баптың 3 тармағы) баласы үш жасқа жеткенше ақысыз демалыста болған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Баласы үш жасқа жеткенше демалыста болған және жаңа тәртіп бойынша сайлауға түсуге ынта білдірмеген әкім баласы 3 жасқа жеткенше жұмыстан босатылмайды. Бұл жағдайда ол басқа бос орынға ауыстыруға немесе баласы үш жасқа толған соң өз еркімен босатуға жатады.

4

ҚР Президентінің 24.04.2013 жылғы № 555 жарлығымен бекітілген Ережеде, кандидаттарды тіркеу үшін керек құжаттар тізбесінде ҚР Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті басқармасынан мәлімет алу көрсетілмеген, тексерістен өту қажет пе?

Сайлауда жеңген жағдайда аудан (қала) әкімі штатына енетін ауыл әкімі кандидатурасын аудан (қала) әкімі ұсынатын болғандықтан, осы кандидатураның «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарына, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді әкімдіктің кадр қызметі жүзеге асыруы керек. Тексеру нәтижелерін тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына әкім ұсынады. Бұл нормалар сайлау комиссияларының хаттамаларында тиісті талаптарға кандидаттың сәйкестігі бойынша көрсетіледі. Сұратуды әкімдіктер белгіленген тәртіпте жолдайды.

5

Әкімшілік жаза әкімдер сайлауына қатысуға кедергі бола ма?

Сыбайлас жемқорлық үшін қолданылған шарадан басқа азаматта әкімшілік шара болуы оның өз кандидатурасын әкім болуға ұсынуына кедергі болмайды.

6

Әкімдікке кандидаттарды іріктегенде қандай актіні басшылыққа алу керек?

Әкімдікке кандидаттарды іріктегенде ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын, ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығын, сол сияқты Е-R-1 санатына типтік біліктілік талаптарын (ҚР Мемқызмет Агенттігінің 09.01.2008ж. N02-01-02/5 бұйрығы) басшылыққа алу керек.

7

Ағымдағы жылдың 20 наурызынан осы уақытқа дейін селолық округтің әкімі болып істейді, жоғары білімі бар, бұған дейін 20 жыл шаруа қожалығының басшысы болған, ауылдық округ әкіміне жаңа мерзімге кандидатурасын ұсына ала ма?

Ұсына алады, егер кандидат «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына, Е-R-1 санатына типтік біліктілік талаптарына ҚР Мемқызмет Агенттігінің 09.01.2008ж. N02-01-02/5 бұйрығы) сай келсе.

8

Ауыл әкімдерін сайлау бойынша бюллетеньдерді кім және қайда дайындайды?

Бюллетеньдерді дайындауды аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы баспаханалық тәсілмен дайындайды. Соған байланысты бұл мәселені сайлау комиссиялары дербес шешеді. Облыстық сайлау комиссиясы бұл мәселеге ықпал етуге құқылы.

9

Аудандық мәслихат депутатының кандидатурасын округ әкіміне ұсынуға бола ма? Егер болса, дауыс беру тәртібі қалай?

Иә, болады, мәслихат депутаты кандидатурасын әкім болуға ұсынуға құқылы. Мәслихат депутаты кімге дауыс беруді өзі шешеді.

10

Жұмыс істеп жүрген әкімге егер ол өз кандидатурасын ұсынса, тіркелген күннен бастап сайлау нәтижесі жарияланғанша демалысқа шығу міндетті ме (еңбек демалысы немесе ақысыз демалыс)?

Міндетті емес. Егер кандидат сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуге ынта білдірмесе, еңбек демалысына шығудың қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары болып табылатын кандидаттарға қызметтік міндеттерін орындау кезінде лауазымдық жағдайын пайдалануға тыйым салынады.

11

Кандидат жұмыс өтілі бойынша Е-R-1 санатына типтік біліктілік талаптарына (ҚР Мемқызмет Агенттігінің 09.01.2008ж. N02-01-02/5 бұйрығы) сәйкес болуы керек.

Жоғарыда нұсқалған талаптар барлығына бірдей және әкімдікке кандидаттардың барлығына міндетті болып табылады. Жоғары білімі жоқ азамат әкімдікке кандидат болып ұсыныла алмайды.

12

«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдары санаттарына типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Мемқызмет Агенттігінің 09.01.2008ж. N02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарын түсіндіруді сұрайды: 5 т.) «не менее четырех лет стажа работы осы санаттың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, соның ішінде басшылық лауазымдарда кем дегенде бір жыл».

Ауыл әкімі әлеуметтік маңызды қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеуді жүзеге асырады. Оның негізгі функциялары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 35 бабында белгіленген. Тиісінше әкімдікке кандидаттың көрсетілген функцияларға ұқсас жұмыс тәжірибесі болуы керек.

13

Әкімдіктер мен жергілікті басқару органдарының сайлаушылармен кездесу үшін ғимарат ұсыну тәртібі қалай?

Негізгі талап – кандидатпен ұсынылатын ғимаратты жалға алу туралы келесімшарт жасау.

14

Әкімдікке кандидаттардың тегі, аты, әкесінің аты қандай құжаттың негізінде сайлау бюллетеніне енгізіледі?

Кандидаттардың тегі, аты, әкесінің аты сайлау бюллетеніне тек қана жеке куәлігі негізінде мемлекеттік тілде алфавит тәртібімен енгізіледі. Ұсыну кезінде әкімдікке кандидат аумақтық комиссияға жеке басын айғақтайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

15

Сайлау комиссиясы құрамында өкілі жоқ саяси партиялардың тиісті сайлау комиссиясына кеңес даусы құқығымен өз өкілін жіберуге құқысы бар ма?

Иә, ондай құқығы бар.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы