жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімдікке кандидаттар бойынша

Назад

Сұрак

Жауап

1

Ережеде көрсетілгеннен басқа әкімге кандидаттарға қандай талаптар қойылады? Біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтілі ескеріле ме, немесе кандидата жоғары білім болуы мен тиісті әкімшілік бірлігі аумағына тұруы жеткілікті ме?

Кандидат жұмыс өтілі бойынша Е-R-1 санатына белгіленген типтік біліктілікке сәйкес келуі керек (Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің 09.01.2008ж. N 02-01-02/5 бұйрығы).

2

Кандидат қай жастан аспуы керек? Сайланған әкімнің зейнет жасына толуы оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табыла ма?

Кандидаттың жасы еркектер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан аспауы керек.
Ережеде әкімдер 4 жылға сайланатыны белгіленгендіктен, олардың зейнетақы жасына толуы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болмайды.

3

Тиісті органдардан арнайы тексеруден кім және қашан өтуі керек? Қазір жұмыс істеп жүрген әкімдер мен әкімдікке басқа кандидаттар арнайы тексеруден өтулері керек пе? Тексеру нәтижесі бойынша теріс қорытынды алған жағдайда аудан әкімі мен аудандық сайлау комиссиясының одан арғы әрекеті қандай болмақшы?

Арнайы тексеруден тек сайланған әкімдер өтуі керек, себебі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 13 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Тексеру нәтижесі бойынша теріс қорытынды алған жағдайда сайланған әкіммен еңбек шарты бұзылады және аумақтық сайлау комиссиясы қайтадан сайлау тағайындайды.

4

Сайлауды өткізгенге дейін әкімдікке кандидаттар тестілеу процедурасынан өте ме?

Қазіргі уақытта «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзгерістер енгізілуде, соған сәйкес кандидаттардың тестілеу процедурасынан өтуі қарастырылмаған.

5

Әкімдікке кандидаттарға кезекті еңбек демалысын (еңбекақысы сақталмай) алу қажет пе? Егер қажет болса, қандай негізде?

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес (1 тармақша) 27 баптың 4 тармағы) мемлекеттік органдарға, сол сияқты олардың лауазымды тұлғаларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сондықтан, егер қызмет атқарып жүрген әкім немесе мемлекеттік органның басқа лауазымды тұлғасы әкімдікке кандидат болып табылса, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізу үшін еңбек демалысына шығуы керек (еңбекақысы сақталмайтын кезекті еңбек демалысы). Егер осындай кандидат сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуге ынта білдірмесе, еңбек демалысына шығудың қажеттілігі жоқ.

6

Әкімдікке кандидаттардың «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес біліктілік талаптарын кім тексереді? Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті басқармасына барлық кандидаттарға тізіммен сұрау салуға бола ма? Талаптар формасында өзгерістер бар ма? Өңірлерге талаптардың үлгілері жөнелтіле ме?

Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның 35 бабымен қаладағы аудан, аудандық маңыздағы қала, кент, ауыл, селолық округ әкімдері тиісті аудандық (қалалық) әкімдіктің лауазымды тұлғасы болып табылатыны реттелген.
Аудан (қала) әкімі аппараттарында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға кандидаттарды іріктеп алуды жүзеге асыратын кадрлық қызмет пен тиісті конкурстық комиссиялар бар.
Сайлауда жеңген жағдайда аудан (қала) әкімі штатына енетін ауыл әкімі кандидатурасын аудан (қала) әкімі ұсынатын болғандықтан, осы кандидатураның «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарына, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді әкімдіктің кадр қызметі жүзеге асыруы керек. Тексеру нәтижелерін тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына әкім ұсынады. Бұл нормалар сайлау комиссияларының хаттамаларында тиісті талаптарға кандидаттың сәйкестігі бойынша көрсетіледі. Сұратуды әкімдіктер белгіленген тәртіпте жолдайды.

7

Кандидаттар 1 шілдеге дейінгі жағдай бойынша (2013 жылдың бірінші жартыжылдығына) салық органдарына табысы туралы декларация ұсынулары керек. Әртүрлі меншік түріндегі ұйымдарда еңбекақы әртүрлі мерзімде төленеді. Декларацияны ұсыну сәтіне (шілденің басы) маусым айының еңбекақысы әлі төленбеуі және тиісінше міндетті зейнетақы қорына зейнетақы аударымы аударылмауы мүмкін. Кандидаттардың декларацияларын тексеру сәтіне (шілденің ортасы) зейнетақы аударымы бойынша сомалардың сәйкессіздігі анықталуы мүмкін, бұл кандидатты алып тастауға негіз бола ма?

Табыс туралы декларацияны ұсыну сәтіне ұйым кандидатқа бірінші жартыжылдыққа табысы және есептуелер туралы анықтама береді. Кандидат берілген анықтама негізінде декларация толтырады.
Ұсталған міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да ұстауларды аудару үшін жауапкершілікті ұйым немесе жұмыс беруші алады.

8

Әкімдікке кандидаттарға сайлау қорларын ашу міндетті ме?

Жоқ, міндетті емес. Сайлау қорын ашу мәселесін әр кандидат дербес түрде шешеді.

9

Әкімдікке кандидат мүшелік жарна төлей ме?

Әкімдікке кандидат мүшелік жарна төлеуі қарастырылмаған.

10

Әкімдікке кандидат аудан мәслихаты депутаты болса, таңдаушылар отырысына қатысуға және дауыс беруге құқылы ма? Сайланбалы әкім лауазымына ұсынылған мәслихат депутаты депутаттық қызметінен босатыла ма?

Иә, депутат дауыс беруге қатысуға құқылы.
Депутат қызметінен босатылмайды, себебі бұл заңнамада ескерілмеген.

11

Сайлау кезінде кандидаттар мәслихат депутаттарымен барлығымен бір жерде кездесе ме, әлде әр ауылдық округ бойынша жеке кездесе меи? Ауыл әкімдігіне кандидаттармен сайлау алдындағы үгіт шеңберінде кездесу үшін мәслихаттар депутаттарына жол шығыстары төлене ме?

Бұл процедуралық мәселені кандидат дербес түрде шешеді, бұл ретте көлік шығыстары тек әкімге кандидаттар үшін қарастырылған.

12

Кандидаттың өз сайлаушыларымен кездесулері қандай жиілікте өтуі керек?

Әкімдікке кандидат өз қалауы бойынша кездесулер санын белгілейді.

13

Егер әкімдікке кандидат 25 жасқа 2013 жылдың 9 тамызында толса, оны тіркеуге бола ма?

Әкімдікке кандидат ұсынылу сәтінде 25 жаста болуы керек. Кандидаттыққа ұсыну сайлауға 25 күн қалғанда тоқтатылатын болғандықтан, бұл жағдайда оны тіркеу мүмкін емес.

14

Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері сайлау дауыстарын санау және қорытындыны шығару кезінде қатыса ала ма?

Сайлау туралы Заңға сәйкес әр кандидаттан бір сенімді өкіл немесе басқа тұлға қатыса алады.

15

Бұрын сайлауға қатысқан кандидаттар қайталап сайлауға қатыса ала ма?

Иә, қатыса алады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы