жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Процессуалдық мәселелер

Назад

Сұрак

Жауап

1

Жергілікті қауымдастықпен консультациялар өткізу тетігі қандай, оларды өткізу бойынша аумақтық комиссияға қандай құжат ұсынылады?

Жергілікті қауымдастықпен консультациялар өткізу тетігін аудандық (қалалық) әкімдіктер дербес шешеді, атап айтқанда, тұрғындармен жеке кездесулер, сауалнамалар, ақсақалдармен, еңбек ардагерлерімен кездесулер, тағы басқа жолдармен. Бекіту құжатын ұсыну немесе жасау талап етілмейді.

2

Әкімді сайлау таңдаушылар отырысында өткізіледі. Мәслихат хатшысы таңдаушылар отырысының төрағасы болып табылады. Нақты көрсетілмеген, отырыс сессия түрінде не болмаса басқа формада өте ме?

Сайлау таңдаушылар отырыстарында өтеді.

3

Егер ұсынылған кандидаттар қатарында мәслихат депутатының жақын туысы болса, депутат қалай дауыс беруі керек?

Өзінің ішкі нанымы бойынша.

4

Ережеге сәйкес дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың көп даусын алған кандидат сайланған болып саналады. Ал егер дауыс тең болса ше?

Бұл жағдайда қайта сайлау белгіленеді (ереженің 55 тармағы).

5

Әкімдерді сайлау кезінде дауыс беру мен дауыстарды санауды өткізу Сайлау туралы Заңның тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Заңның 43 және 44 баптарына өзгерістер енгізіле ме?

Жоқ, енгізілмейді.

6

Егер сайлау науқаны барысында әкім болуға бір кандидат қана қалса не істеу керек?

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін он күннен аспайтын мерзімге ұзартуға тиісті (ереженің 16 тармағы).

7

Азамат неше рет әкім болып сайлана алады?

Әкім болып сайланудың саны бойынша заңнамалық шектеу жоқ.

8

Дауыс беретін орынды ашу туралы хаттама қалай толтырылады?

ОСК-ның 2013 жылғы 19 шілдедегі № 15/215 қаулысымен бекітілген дауыс беретін орынды ашу туралы хаттаманың өзгертілген формасында тек ауданның (қаланың) атауы көрсетіледі.

9

Тиісті аудандық (қалалық) комиссияларға дауыс беру орындарына сайлау бюллетеньдері қашан жеткізіледі?

Сайлау бюллетеньдері сайлауға бір күн қалудан кеш емес мерзімде жеткізіледі (сайлау туралы Конституциялық заңның 37 бабының 3 тармағы).
Резерв әр аудандық маңыздағы қала, селолық округ, кент немесе селолық округке кірмейтін селоның әрқайсысы бойынша 3 (үш) сайлау бюллетенін құрайды. (ҚР ОСК 06.06.2013 № 11/206 қаулысы)

10

Ол туралы мәлімет ҚР ОСК-на берілген кандидаттың кандидатурасын ауыстыруға бола ма?

Жоқ. Ұсынылған кандидат тіркелгенге дейін тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына өз кандидатурасын алып тастау туралы жазбаша өтініш беруі керек.

11

Әкімді сайлауды өткізетін күнге дейін мәслихат депутаты еңбек демалысына шыға ала ма?

Шыға алады, бірақ сайлауда кворумды қамтамасыз ету талаптарын ескерумен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы