жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ұйымдастыру мәселер

Назад

Сұрак

Жауап

1

Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін қай мерзімнен бастап босатуға болады?

Сайлауды белгілеген сәттен бастап.

2

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайлау өткізетін күн туралы хабарламасы жергілікті ақпарат құралдарында қандай мерзімде жариялануы керек?

Сайлау күні туралы хабарламаны аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті ақпарат құралдарында басылымның шығу мерзімділігіне байланысты әкімге кандидатты ұсыну мерзімі басталғанға дейін жариялауы керек.

3

Село әкімдерін сайлау бойынша дауыс берудің бірдей уақыты белгілене ме? Дауыс беретін орын мен уақыт туралы хабарлама жариялау керек пе, қай мерзімде?

Дауыс беру уақытын аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары өздері дербес белгілейді. Дауыс беретін орын мен уақыт туралы хабарлама аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының қарауы бойынша жарияланады.

4

Аудандық әкімдікке кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін келісімшарттық негізде ғимарат бөлуге және барлық кандидаттар үшін насихаттық баспа материалдарын орналастыратын орынды белгілеуге нормативтік актілер қабылдау қажет пе?

Ереженің 63 тармағына сәйкес, ережемен реттелмеген мәселелер Сайлау туралы заңға сәйкес шешіледі.
Сол себептен, әкімдіктер кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін ғимарат ұсынуы және баспа материалдары үшін орын белгілеуі, оны стендтермен, қалқандармен, тумбалармен жарақтауы керек (Сайлау туралы заңның 28 бабының 4 және 6 тармақтары):
т.4. Жергілікті атқарушы органдар кандидаттарға келісімшарттық негізде сайлаушылармен кездесулері үшін ғимарат ұсынады. Ғимаратты ұсыну шарты барлық кандидаттар үшін тең болуы керек.
Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бөлінген ғимараттарда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу кестесін жасайды және оны ақпарат құралдарында жариялайды.
т.6. Жергілікті атқарушы органдармен тиісті сайлау комиссияларымен бірлесе отырып, барлық кандидаттар үшін насихаттық баспа материалдарын орналастыратын орынды белгілейді және оны стендтермен, қалқандармен, тумбалармен жарақтайды. Насихаттық баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқық қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады.

5

Бюллетеньдерді дайындау облыстық сайлау комисияларына бекітілуі керек, себебі аудандарда баспахана жоқ.

Бюллетеньдерді дайындауды аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы ұйымдастырады. Осыған байланысты, бұл мәселені сайлау комиссиялары дербес шешулері керек. Облыстық сайлау комиссиясы ықпал етуге құқылы.

6

Бюллетеньдердің қорғалу дәрежесі ескеріле ме?

Оларға қойылған сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы мөрі мен комиссия мүшелерінің қолы дауыс беру бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі болып табылады.

7

Резервтік бюллетеньдер дайындала ма?

Орталық сайлау комиссиясы 1 мандатқа 3 бюллетеньге тең резервпен сайлау бюллетеньдері санын белгілеу туралы қаулы қабылдады.

8

Сайлау комиссиясы дауыс беру бюллетенінің арт жағына дауыс санау үдерісін тездету үшін селолық округтің, кенттің және с/о құрамына кірмейтін селоның атын жазуға құқылы ма?

Дауыс беру бюллетенінің арт жағына аталған жазуды жазуға, сол сияқты бюллетеньдерді елді мекендерді ажырату үшін әртүрлі түсте дайындауға болады. Бұл ретте қосымша қаржылық шығыстар талап етілетіні ескерілуі керек.

9

Таңдаушылар тізімі жергілікті ақпарат құралдарында жариялауға жата ма?

Жатпайды.

10

Сайлау құжаттарының бекітілген үлгілері бола ма?

Сайлау құжаттарының үлгілері ОСК-мен бекітілген.

11

Бүгінгі күнде бірқатар аудандық мәслихаттар әкімдіктер ғимаратында. Бұл ғимараттарда сайлау өткізуге бола ма? Сайлау орындары бойынша ОСК-ның қандай ұсынымдары бар? (сайлауды қандай ғимаратта өткізу: мәслихаттар отырған әкімдіктің ғимаратындағы сессиялар өтетін отырыс залдарында немесе Мәдениет үйінде).

Ұйымдастырушылардың қарауы бойынша. Бұл ретте сайлау өтетін жер таңдаушылар отырысы өтетін ғимаратта болуы керек.

12

Стендте ақпараттық плакаттар қалай орналасады? (алфавит тәртібінде немесе округтар бойынша)

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының қарауы бойынша.

13

Бекітілген ережеде бақылаушылар туралы ештеңе айтылмаған. Егер сайлауға бақылаушылар келсе, бұл қатынас Конституциялық заңмен реттеле ме?

Иә. Бақылаушылар болған жағдайда әкімдер сайлауын бақылау Сайлау туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы