жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама бөлімінің жетекші маманы (D-5 санаты, №10-1-2, 1 бірлік)

Назад

Көшіріп алу

2014 жылғы 16қаңтардан 29 қаңтарға дейін

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-5 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-5

64063

86485

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ (100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, анықтама үшін телефон: 8(7212) 501531(6811, 6813), факс: 421149, электрондық пошта: Laura@krg.gov.kz) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама бөлімінің жетекші маманы (D-5 санаты, №10-1-2, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасау. Халықаралық форумдар, шетелдік компаниялармен жасалатын меморандумдар жобаларын әзірлеу бойынша жоспар-іс шараларды іске асыруға байланысты жұмыстар жиынтығын жүзеге асырады, облыс әкімінің жүйеқұрушы кәсіпорындардың басшыларымен, шетелдік инвесторлармен келіссөздерін даярлау мен өткізуге қатысады.
Облыс әкіміне материалдар дайындайтын мемлекеттік қызметшілердің жұмысын болжау, жоспарлау, бақылау және дәйектеу қабілеті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық немесе заңгерлік; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қарағанды облысы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы