жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы (1 бірлік, №0-12, D-O-1 санаты).

Назад

Көшіріп алу

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қарағанды облысы әкімінің аппараты әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға конкурс жариялайды (100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13 үй, анықтама үшін телефон (8-7212) 501531(6811,6813), факс 421149. Электрондық адресі: Laura@krg.gov.kz):

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы (1 бірлік, №0-12, D-O-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасау. Нарық қатынастары жағдайында аграрлық саясатты іске асыруға, агробизнестің тиімді жүйесін жасақтауға, бәсекеге қабілетті және тұрақты агроөнеркәсіп өндірісін, ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат пен азық-түлік нарығын дамытуға, кадрларды іріктеуге, қоюға, тиімді пайдалану мен босатуға қатысты басқарманың жұмысын үйлестіруге байланысты жұмыстар жиынтығын жүзеге асыру. Облыстың азық-түлік қорын жасақтауға ықпал ету жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлейді және оны тиімді пайдалануды бақылайды. Қарамағындғылардың жұмысын болжау, жоспарлау, бақылау және дәйектеу қабілеті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - ветеринария, ветеринарлық медицина мамандықтары бойынша немесе агрономия, зоотехния, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау мамандықтары бойынша ауылшаруашылық; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-O-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында екі жылдан кем емес.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген)
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-1

140298

189627

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қарағанды облысы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы