жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы (1 бірлік, №0-5, D-O-1 санаты).

Назад

Көшіріп алу

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қарағанды облысы әкімінің аппараты әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға конкурс жариялайды (100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13 үй, анықтама үшін телефон (8-7212) 501531(6811,6813), факс 421149. Электрондық адресі: Laura@krg.gov.kz):

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы (1 бірлік, №0-5, D-O-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасау. Мәдениет, ұлттық-мәдениет орталықтарының, шығармашылық одақтардың, бірлестіктердің қызметі, мұрағат ісін дамыту мен жетілдіру, құжаттау және құжаттаманы басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында басқарманың жұмысын үйлестіруге қатысты жұмыстар жиынтығын жүзеге асыру, мұрағат ісінде және құжат жасақталуында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етеді, облыстың Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі мен мәліметтер банкін құру мен жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді, құжаттардың, мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекциялардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама ұйымдастырады, облыстың Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді. Кітапхана және мұражай ісі, театр-көпшілік және концерттік ұйымдар, мәдени-сауық және кино-көпшілік ұйымдары саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды; тарихи ескерткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті анықтау, есепке алу, қорғау, реставрациялау, пайдалану және насихаттау жолымен тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Кадрларды іріктеуді, орналастыруды, тиімді пайдалану мен босатуды қамтамасыз етеді. Қарамағындағылардың жұмысын болжау, жоспарлау, ұйымдатсыру, бақылау және дәйектеу қабілеті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - мәдениеттану, тарих, филология мамандықтары бойынша гуманитарлық немесе өнер мамандықтары бойынша, мәдени-сауық жұмысы, мұрағаттану, құжат жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-O-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында екі жылдан кем емес.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген)
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-1

140298

189627

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қарағанды облысы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы