жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыратынын жеткізеді

Назад

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыратынын жеткізеді.

«А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бірінші және екінші санатқа бөлінеді.
Анықтама үшін: мысалы, жергілікті деңгейде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына облыс әкімі аппаратының басшысы, қала және аудан әкімдері, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері жатады.

Үміткерлерге не істеу қажет
«А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыру бойынша жобаға қатысу үшін Департаментке келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. жеке куәліктің көшірмесі;
2. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
3. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
Құжаттар 2016 жылғы 30 маусымға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Шахтер даңғылы 64 (Достық үйі), анықтама үшін телефондар: 8 7212 50-40-23, 25-41-05.

Қосымша ақпарат
«А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыру бойынша толық мәліметті Департаменттен немесе kyzmet.gov.kz сайтынан алуға болады.

Анықтама үшін:«А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыру жобасының мақсаты «А» корпусының кадр резервіне іріктеу емес, «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің тізімін жасау, оларды осындай іріктеуге дайындау болып табылады.

Дата cоздания: 13 Мамыр 2016 12:04
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2018 11:16
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы