жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

Назад

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-2 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).
Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-2

125563

169767

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ (100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, анықтама үшін телефон: 8(7212) 501531(6811, 6813), факс: 421149, электрондық пошта: Laura@krg.gov.kz) әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды.
1.«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (D-2 санаты, №0-1, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдар актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жасау. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмысын, сыртқы-экономикалық байланыстар мен хаттаманы үйлестіру, Мемлекет Басшысының, ҚР Премьер-Министрінің сапарларын, облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларға дайындық жасауға қатысты жұмыстар жиынтығын жүзеге асыру. Облыс әкімі аппаратының салалық бөлімдеріне жетекшілік етеді.

Қарамағындағылардың жұмысын болжау мен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және дәйектеу қабілеті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: заңгерлік немесе экономикалық; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қарағанды облысы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205-бөлме, анықтама телефоны: 8 (7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы