жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қарағанды облысының 2013 жылғы 10 ай бойынша даму қорытындылары

Назад

Қарағанды облысының 2013 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1148,6 млрд.теңге немесе 2012 жылдың деңгейіне 101,6% құрады.
Индустрияландыру картасының шеңберінде 2013 жылы 922 жаңа жұмыс орындарын құрумен 40,2 млрд. теңге сомасына 11 жоба іске асырылды.
Индустрияландыру картасының 197 жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жалпы құны 1457,2 млрд.теңгені құрайтын 4 жобасы іске қосылды.
Ауыл шаруашылығында 123,9 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілді немесе 2012 жылдың деңгейіне 8,9%-ға ұлғайды.
Қара ірі мал басы 5,5%, сиыр басы 6,3%, қой мен ешкі басы 0,1%, жылқы 11,6%, құс басы 13,2%-ға артты. Ет өндірісі 2,4%, сүт 3,8%, жұмыртқа 19,3%-ға артты.
Негізгі капиталға инвестициялар 323,9 млрд. теңгені құрап, 43,2%-ға артты.
Тұрғын үйдің 262 мың шаршы метрі енгізілді, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 5,7%-ға артты.
Шағын және орта бизнес саласында шағын және орта кәсіпкерлік секторында өнім көлемі 447,1 млрд.теңгені құрап, 1,3%-ға артты.
Облыс бюджеті 2013 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 224 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 55%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 119,5млрд. теңге жіберілді (53,3%), олардан білім беруге – 62,4 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 33,7 млрд.теңге. Мемлекеттік бюджетке 206,9 млрд.теңге көлемінде кірістер түсті (болжамға 104,2%).
Тұтынушылық бағаларының индексі 2013 жылғы қазанда 2012 жылдың желтоқсанына 106,1%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі – 103,2%, азық-түліктік емес тауарларға – 102,6%, ақылы қызметтерге – 112,9%-ды құрады.
Әлеуметтік сала.
Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 26139 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға – 8170 адам, ал кәсіптік дайындыққа – 1864 жіберілді.
Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.
Халықтың ақшалай кірістері 61962 теңгені құрады (өсім 7,0%).
Орташа айлық еңбекақы 97408 теңгені құрады (өсім 7,4%).

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы