жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Лицензияны алу үшін қажетті құжаттар

Назад

1.өтініш
2.заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорттық және импорттық операцияларды қоспағанда) және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелері;
3.жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (нотариат куәландырған) көшірмесі; Заңды тұлға құрмай фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
4.өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
5.жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 10 АЕК, код 105402
6.меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары;
7.санитариялық-гигиеналық киім, өртке қарсы мүкәммал және персоналды қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігіне оқыту жөніндегі нұсқаулықтар;
8. дәрілік заттардың айналысы саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес дәрілік заттардың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиhаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура;
9.дәріхананың көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізуді жүзеге асыруы үшін сауда залында көзге салынатын және көруді түзейтін линзаларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге арналған жеке сөре;
10.жеке және заңды тұлғаның штаттық кестесі;
11.санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы органдардың қорытындыларын, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы ғимараттарға сәйкестілігі қорытындылары;
12.өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы.
13.тиісті білімі және (немесе) жұмыс өтілі бар фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар:
дәрілік препараттарды дайындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындайтын дәріханалар) үшін:
дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің басшыларында, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды жіберуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің басшыларында орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
дәріхананалар үшін:
дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың басшысында орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандарда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені үшін:
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
медициналық техника өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі;
оптика дүкені үшін:
оптика дүкені меңгерушісінде және көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізетін қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық немесе медициналық білімі;
14. мамандандыру және білімді жетілдіру және соңғы 5 жылдағы біліктілікті жоғарылатудың өзге де түрлері.

Фармацевтикалық қызметкерлері туралы мәліметтер
____________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
(2009 жылғы «___» __________ жағдай бойынша)

реттік

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқарып отырған лауазымы

Білімі

Мамандығы бойынша өтілі

Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаты

1

2

3

4

5

6

Басшы _______________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.) М.О.
Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) _____________________
(қолы, Т.Ә.А.)

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы