жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Лицензия алу үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптар

Назад

1. Біліктілік талаптары ветеринария саласындағы қызметке лицензия алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялауда қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың басшыларының немесе құрылымдық бөлімше басшысының және ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе арнайы орта ветеринариялық білімі;
2) санитариялық нормаларға сәйкес жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген технологиялық құралдар тізбе жиынтықтары (ветеринария саласындағы лицензия берілетін кіші қызмет түрлеріне сәйкес);
4) заңды тұлғалар үшін – күшті әсер ететін препараттарды сақтауға арналған күзетілетін үй-жай, жеке тұлғалар үшін – сейф.
3. Лицензиаттар тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті көлемдегі өндіруді, әкелуді (импортты) қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тіркеу реестріне енгізілген ветеринариялық препараттарды қолдануға міндетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы