жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 32°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпарат

Назад
  1. «Бизнестің жол картасы -2020» Бағдарламасы. Өңірлік үйлестіру Кеңестері (ӨҮК) мен Жұмыс тобы мақұлдаған өтініштердің аймақтық қимадағы саны .
  2. ӨҮК мен ҚР Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы жанындағы Жұмыс тобы мақұлдаған жобалар туралы аймақтық қимадағы ақпарат бойынша, Қарағанды облысы, Алматы қаласы мен Ақтөбе облыстары Бағдарламаны жүзеге асыру ісінде көшбасшы аймақтар қатарында тұр.
    Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша, барлығы 89 млрд. теңгеге бағаланатын 250 жоба мақұлданған, оның ішінде бірінші бағыт шеңберінде 157 жоба, екінші бағыт шеңберінде 65 жоба және үшінші бағыт шеңберінде 28 жоба.

  3. «Бизнестің жол картасы -2020» Бағдарламасы. Өңірлік үйлестіру Кеңестері мен Жұмыс тобы мақұлдаған өтініштердің екінші деңгейлі банктер қимасындағы саны.
  4. Екінші деңгейлі банктер тұрғысынан алғанда, Бағдарламаны жүзеге асыруға БТА Банк, Қазақстанның Халық Банкі, Банк ЦентрКредит белсенді атсалысуда.
    Тағы бір атап өтер жайт, Заман Банк, Альфа Банк, Эксимбанк Казахстан және Казинвестбанк бұл Бағдарламаға мүлде қатыспай отыр.

  5. «Бизнестің жол картасы -2020» Бағдарламасы. Өңірлік үйлестіру Кеңестері мен Жұмыс тобы мақұлдаған өтініштердің салалық қимадағы саны
  6. Салалық қимада, Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша мақұлданған жобалардың ең көп саны өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қойма, денсаулықсақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі.
    Бағдарламаның барлық бағыттары шеңберіндегі өңдеуші өнеркәсіп саласының жалпы үлес салмағы 54%-ды құрайды.

  7. «Бизнестің жол картасы -2020» Бағдарламасы. Субсидиялау: қарастырылу кезеңіне қарай өтініштердің саны туралы мәліметтер
  8. Өтініштерді қарастыру процессі бірнеше сатыдан тұрады.
    Қазіргі сәтте 1-ші бағыт шеңберінде 94 өтініш мақұлдаудың барлық сатысынан өтіп, олар бойынша келісімшарттар жасалынды. 2-ші бағыт шеңберінде 31 келісімшарт жасалынды. 3-ші бағыт шеңберінде 16 өтініш мақұлдаудың барлық сатыларынан өтіп, олар бойынша келісімшарттар жасалынды. «Даму» Қоры құжаттарын алған 150 жобаның 141-і бойынша субсидиялау туралы келісімшарттар жасасқанын атап өткен жөн.
    Бірнеше сатыдан өткізу арқылы бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы қамтамасыз етіліп отыр. Дегенмен, белгілі бір сатыға келген кезде, өтінімдерді қарастыру созылыңқырап кетеді: әдетте, бұл жайт Екінші деңгейлі банктер тарапынан жобалар бойынша құжаттарды беру/ұсыну кезеңінде орын алуда.

  9. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы. Кепілдендіру
  10. Өңірлік Үйлестіру Кеңестері (ӨҮК) кепілдендендіру бойынша барлығы 40 жобаны мақұлдады, оның ішінде 29 жоба Қорға келіп түсті. 9 жоба бойынша кепілдік беру туралы оң шешім шығарылса, 6 жоба Қордың қарастыруында жатыр.
    14 жоба бойынша кепілдік бермеу жөнінде шешім қабылданды. Бас тарту себебі екеу ғана: Өтініш берушіге кредит беріліп қойылған, ал кепілдік тек жаңадан берілетін кредиттерге ғана қарастырылған, немесе Өтініш берушінің жобасы Бағдарламада бекітілген экономиканың басымды секторларына жатпайтын болып шығады.
    Қазіргі кезде Даму қоры, Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесе отырып кепілдендіру құралдарын жетілдіру бағытындағы шараларды жүргізудеміз, және ағымдағы айдың ішінде талқылауды аяқтап, тиісті өзгертулер енгізуді көздеп отыр.

  11. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы.
  12. 2010 жылы жобаларды мақұлдау және субсидиялау туралы келісімшарттарды жасасу
    Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бекітілген және субсидияланған мәмілелер арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарып келеді.
    Оған қоса, Үкіметтің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520-шы қаулысына сәйкес, өтініштерді қарастыру мерзімін реттеу арқылы мақұлданған жобалар саны мен субсидиялау туралы жасалынған келісімшарттар арасындағы айырмашылықты одан әрі қысқарту қарастырылған.

  13. «Бизнестің жол картасы -2020» Бағдарламасына енгізілген өзгертулер
  14. Өзгертулер, ең алдымен, сыйақы ставкалары өзгермелі кредиттерді субсидиялауға рұқсат беруге қатысты, бұл өз кезегінде Банктер алдында осындай міндеттемелері бар кәсіпорындардың Бағдарламаға қатысуларына мүмкіндік береді.
    Келесі өзгерту, жаңа атап өткеніміздей, жобаларды қарастырудың барлық сатыларында өтініштерді қарастырудың мерзімі регламентпен бекітілді.
    Сонымен қатар, субсидиялау мерзімі Банк пен Кәсіпкер субсидиялау туралы келісімшарт жасасқан сәттен басталады, яғни, Қаржы агентімен субсидиялау туралы келісімшартқа қол қойылуын күтпестен-ақ.
    Келесі. Бағдарламаның экономиканың басымды секторлары Тізіміне сауда желілері де енгізілді. Бұған дейін, осы сұрақты талқылау барысында атап өткеніміздей, бұл шара, ең алдымен, сауда желілеріне тауар жеткізуші – қазақстандық өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған.
    Мұндай кәсіпорындарға қазақстандық қамтым ғана емес қазақстандық өнім өндірушілермен әріптестік орнату бойынша да жоғары талаптар қойылатын болады. Мысалы, қазақстанда өндірілген тауарлардың болуы және қазақстандық өнім өндірушілердің жеткізген тауарлары үшін төлем жасау мерзіміне шектеу қойылып отыр.
    Әрі қарай, Қазақстанның Кедендік Одаққа мүше болуына байланысты кейбір мәселелерге сәйкес, Бағдарламаның үшінші «Экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау» атты бағыты қайта қаралып «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген бағытқа алмастырылды, сәйкесінше бұл бағыттың іске асырылу талаптары да өзгертілді.
    Сонымен қатар, соңғы ең маңызды өзгеріс – Бағдарламаға «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты 4-ші бағыт енгізілді.
    4-ші бағытқа: - Істі жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар)
    - Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету,
    - «Іскерлік байланыстар» жобасы,
    - Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту,
    - Кадрлерді дайындау және қайта дайындау деген компоненттер кіреді.

  15. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы. 4-ші бағыт: кәсіпкерлік әлеуетті арттыру.
  16. Кәсіпкерліктің білім деңгейін арттыру және бизнесті жүргізудің заманауи модельдерін енгізу қажеттілігін ескере отырып, 2010 жылғы 31 желтоқсанда №1520-шы Үкімет қаулысымен «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты 4-ші бағыт енгізілді.
    4-ші бағыттың мақсаты – кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы Қазақстанның бәсекелестігін өсіруге ықпал ету.
    4-ші бағыттың шеңберінде:

      - Жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар)
      - Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету,
      - «Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асыруда

    «Даму» Қоры оператор ретінде белгіленіп отыр.
    Сонымен қатар, «Назарбаев Университеті» АҚ арқылы шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдарымен еңбек нарығына қажет мамандықтар бойынша кадрлерді дайындау және қайта дайындау іске асырылады.

  17. Жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар)
  18. Жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді қолдау бизнесті жүргізуге байланысты қысқа уақыттық ақысыз курстарды өткізу, сәйкес оқу құралдарын, ақпараттарды тегін тарату арқылы жүзеге асырылатын болады. Мұндай курстар жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Қазақстанның барлық 209 аудандарында өткізіледі.
    2011 жылы осындай курстарды өткізуге Республикалық бюджеттен 208 млн. теңге бөлу көзделініп отыр. Осы қаражаттар есебінен курстардың екі сессиясын – көктемде және жазда өткізу, сөйтіп 15 000-нан астам тыңдаушыларды тарту жоспарланып отыр.
    Осы курстардың нәтижелілігін бағалау кейіннен 1000-нан астам тыңдаушыны қамтитын маркетингтік зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

  19. Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету
  20. Сервистік қолдау көрсету шеңберінде кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға арналған, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, заңи кеңес беру сияқты қызмет түрлерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұнда тікелей қызмет көрсетушілер болып конкурстық негізде таңдалынып алынатын тәуелсіз сервистік компаниялар табылады.
    2011 жылы ақысыз сервистік қолдау көрсетуге Республикалық бюджеттен 723 млн. теңге бөлу көзделініп отыр.
    «Даму» қоры осы тәуелсіз компаниялардың берген қызметтерінің сапасын кәсіпкерлермен телефондық сұраунама, анкеталау және тереңдетілген сұхбат жүргізу арқылы тұрақты негізде мониторинг жасап бақылап отырады. Сонымен қатар, «Даму» қоры осы көрсетілген қызметтердің нәтижелілігін салыстырмалы талдау жасап, олардың экономикалық тиімділікті арттыруға қаншалықты үлес қосқанын, нақты болған өзгерістерді анықтап отырады.

  21. «Іскерлік байланыстар» жобасы
  22. «Іскерлік байланыстар» жобасы шет елдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті модернизациялауды қолдауға бағытталған.
    Кәсіпкерлердің «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуы екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде кәсіпкерлер бизнесті жүргізу және кәсіпорынды дамытуға арналған жобалар дайындау бойынша қысқа мерзімдік бизнес-тренингті Қазақстанда өтетін болады. Жобаларды әзірлеу шетелдік сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
    Екінші кезеңде кәсіпкерлер үшін шет елдерде олардың кәсіптерінің түрлеріне ұқсас, алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда тақырыптық бизнес-тәжірибе алмасулар ұйымдастырылатын болады. Бұл кәсіпкерлерге шет елдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға, алдыңғы технологияларды игеруге және болашақта бірлесіп кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар, «Іскерлік байланыстар» жобасы шеңберінде «Жергілікті жабдықтаушылар» компоненті қарастырылған. Бұл компонентке сай:

    - Кәсіпкерлерге сәйкес аймақтағы әлеуетті тапсырыс берушілер, оларға қажет тауар, қызмет, жұмыс көлемдері мен номенклатуралары туралы және де сол аймақта қызмет атқарып жатқан ірі шет елдік инвесторлар, жабдықтаушылар туралы ақпарат беру.
    - Жобаға қатысушылар мен потенциалды тапсырыс берушілер арасында іскерлік байланыстар орнатуға қолғабыс жасалады.

    Жалпы 2011 жылы осы жобаға 1000-нан астам кәсіпкерлерді тарту жобаланып отыр.
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі
    тел: 8-(727)244-55-66 (ішкі 244; 229); тел/факс: 8-(727)244-82-64 (тікелей)
    e-mail: bektur@fund.kz
    www.damu.kz

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы