жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Инвестициялар үшін өңірдегі тартымды бағыттар

Назад

Өнеркәсіптің негізгі салаларын индустриялық-инновациялық дамыту экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып табылады.

2015 жылдан бастап Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастады, ол алдыңғы бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады. Өңдейтін өнеркәсіпті дамытуға, кластерлік ыңғайды қолдану арқылы өңірлік мамандануға топтастыру оның негізгі артықшылығы болып табылады. Осының негізінде Қарағанды облысының мамандануы айқындалды – қара, түсті металлургия, өнеркәсіпке арналған химикаттар шығару, машина жасау және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар, электр жабдықтары, құрылыс материалдарын, азық-түлік өнімдерін шығару.

Белгіленген басымдықтар ескеріліп, жоғары технологиялық жобаларға бастамашылық ету, іздестіру және іске асыру жүргізілуде. Инвестициялық тартымдылықты жақсарту және инвестициялардың облыс экономикасына тартылуын ынталандыру үшін Қарағанды облысының аумағында «Сарыарқа» АЭА құрылған. АЭА инфрақұрылымының пайдалануға берілген объектілері жұмыс істеп тұрған қатысушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді (электрэнергиясы, ТЖ қызметтері) табысты ұсынады.

«Бёмер Арматура» ЖШС – 2014 жылдың маусымында іске қосылды, шарлы крандар мен ілмекті арматуралар шығару, салынған инвестициялардың көлемі 3100 млн.теңге, 50 жұмыс орындары құрылды.

«Изоплюс Центральная Азия» ЖШС – 2014 жылдың маусымында іске қосылды, жылу оқшаулау құбырларын шығару, салынған инвестициялардың көлемі 1900 млн.теңге, 40 жұмыс орындары құрылды.

«Tau-KenTemir» ЖШС - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қазандағы №95 Жарлығына сәйкес «Сарыарқа» АЭА аумағы «Tau-KenTemir» ЖШС Кремний зауытының аумағының субаймағын қосу есебінен кеңейтілген. Металлургиялық кремний өндірісі, салынған инвестициялардың көлемі– 4415,6 млн. теңге, 370 жұмыс орындары құрылды;

2015 жылы желтоқсанда «HyunwooCentralAsia» ЖШС жобасы іске қосылды (құбырлар, қорғаныс қабыршағымен полиуретаннан жылуды оқшаулайтын бір қалыптағы бұйымдар). Салынған инвестициялардың көлемі 1414 млн.теңге, жұмыс орындары 15 адам.

«SevenRefractoriesAsia» ЖШС – 2017 жылы маусымда іске қосылды, отқа төзімді материалдар шығару, инвестициялар көлемі – 1706 млн.теңге, 34 жұмыс орны құрылды.

«RecyclingCompany» ЖШС - істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі, көмірсутек және туынды өнімдер өндірісі. Жобаның құны 3,4 млрд.теңге, 100 жұмыс орнын құру жоспарлануда, іске асыру кезеңі 2017 жыл. 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды.

 

Іске асыру процесінде 9 жоба:

«SteelManufacturing» ЖШС (жез бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы), инвестиция көлемі – 27,3 млрд.теңге, 164 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Құрылыс-монтаждық жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.

«Өтеміс LTD» ЖШС (полимербетон құрылымдар өндірісі), жобаның құны – 1200 млн.теңге, 128 жұмыс орындары құру жоспарланған. ЖСҚ әзірленген. Іске қосу мерзімі – 2016-2017 жыл. ЖСҚ әзірленді, құрылыс басталды.

«Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС (ферросиликоаллюминий өндірісі), жобаның құны – 86 млрд.теңге, 500 жұмыс орнын құрумен, жобаны «Sinosteel Jilin Electro-Mechanical Equipment Co., Ltd» қытай компаниясының қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған.

«Беркут» ЖШС (өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндірісі бойынша зауыт) жобаның құны – 8100 млн.теңге, 120 жұмыс орнын құрумен. Жобаны Yunnan Industrial Explosive Group Co тұлғасында қытай компаниясының қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған. ЖМҚ әзірлене бастады.

«MTL-Ferroalloys» ЖШС (ферроқорытпа өндірісі), құны 402,5 млн.теңге, 90 жұмыс орнын құрумен. АЭА қатысушысы мәртебесі алынған, жер учаскесін ресімдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құбыр илектеу зауыты (тік тігісті құбыр өндірісі), жобаның құны 7,1 млрд.теңге, 122 жұмыс орнын құрумен, жер учаскесін ресімдеу жұмысы жүргізілуде (әділет органда тіркелу).

«Аркус Инвест» ЖШС (пестицидтер мен гербицидтер өндірісі) жобаның құны 0,9 млрд.теңге, 19 жұмыс орнын құрумен, АЭА қатысушысы мәртебесі алынған.

«Перспектива» ЖШС – бейнекамера құрастыру, жобаның құны 0,5 млрд.теңге, 15 жұмыс орнын құрумен.

«Терма Форм» ЖШС (виброналевті фасонды отқа төзімді бұйымдар өндірісі) - жобаның құны 1,5 млрд.теңге, 40 жұмыс орнын құрумен.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы шеңберінде индустрияландыру және инвестициялар саласындағы жобаларды іске асыру бөлігінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Облыстан қайта өңдеудің және инновациялық құрамдастың жоғары деңгейіне ие 4 жоба енгізілді 942,8 млрд.теңгеге 2 мыңнан аса жұмыс орныңдарын құрумен:

1. Қазақстан Республикасында көмірді қайта өңдеу бойынша кешен салу;

2. «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді құймалар зауытын салу,

3. Қарағанды облысының көмір қабаттарынан метанды барлау және өндіру,

4. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру зауыты.

Трансұлттық компанияларды тарту шеңберінде Қаражал қаласында «Haliburton» халықаралық компанияның толық техникалық қолдауымен «Karazhal Operаting» ЖШС барит кенін қайта өңдеу бойынша өндірісі іске қосылды. Жобаның жалпы құны – 6 млрд.теңге. Жобамен бұрғылау ерітінділерін дайындау кезінде мұнай-газ өңдеу саласының қажеттіліктері үшін жылына жоғары сапалы 200 мың баритконцентраты жылдық қуаттылығы көзделген. Тікелей шетелдік инвестициялар есебінен Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндірісі бойынша зауыт («Saryopan Operating» ЖШС) салу жоспарланып отыр. Жобамен металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша Сарыопан кен орнында өндірістік кешен салу көзделген. Жоба инвесторы – әлемде ондаған зауыттары бар және металлургиялық өндіріс мақсаттары үшін әк өндірісінде көшбасшы болып табылатын Carmeuse Group (Бельгия) трансұлттық корпорациясы. Инвестициялар көлемі – 20 млрд.теңге. Жобаны іске асыру 105 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Экономикалық маманданудағы айқын индустриалдық бағыттылыққа қарамастан облыс сонымен бірге, инвестициялауға арналған тағы бір бағыт ретінде туристік саланы дамыту үшін әлеуетке ие.

Географиялық орналасуы, бай табиғаты, мәдени-тарихи мұраның бірегейлігі осыған негіз болып табылады. Облыс аумағында 2 ұлттық табиғи парк (Қарқаралы және Бұйратау), 9 табиғи қорықша, Балқаш көлі, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-мұражай (Долинка к.), «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайы (Теміртау қ.) орналасқан.

Қарағанды облысында туризм саласын дамыту бойынша 2014-2018 жылдарға арналған жоспарға сәйкес облыстың туристік келбетін қалыптастыру және нығайту, өңірлік туристік өнімді ілгерілету, өзара тиімді серіктестік байланыстар орнату жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы туризмнің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 114 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 2,4 млрд.теңге инвестициялар сомасына 9 жобаны іске асырылған.

Отандық және шетелдік инвестициялар тарту есебінен өмір сүру сапасын арттыру және Қарағанды облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында облыста 2017-2021 жылдарға арналған Қарағанды облысының инвестицияларды тарту Стратегиясы әзірленді және ұсынылды. Стратегияда салалық басымдықтары мен инвестициялық саясатының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешені, көрсеткіштердің орындалу шаралары және күтілетін нәтижелері анықталған.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:23
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы