жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Экономика салалары шегінде 2017 жылға арналған өңірді дамытудың негізгі нысаналы индикаторлары

Назад

Облыстың экономикалық саясаты Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында айқындалған міндеттер мен басымдықтарға бағытталатын болады.

Облысты дамытудың бірінші кезектегі шаралары экономиканы жаңғыртуға және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға, өңірлік инновациялық жүйені жандандыруға, адами капиталды, инфрақұрылымдық кешенді дамытуға және облысты дамытуға ықпал ететін институционалдық базаны нығайтуға бағытталатын болады.

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2019 жылы 5,2%-ға өсумен болжамданады (5 трлн. 224,6 млрд.теңге).

- өнеркәсіпте - 5%-ға (2 684,7 млрд. теңге).

Бұл көрсеткіштерге жүйе құраушы кәсіпорындардың тұрақты жұмысы, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу есебінен, оның ішінде Кәсіпкерлікті қолдау картасы және "Сарыарқа" АЭА шеңберінде қол жеткізілетін болады

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске қосылған жобалар есебінен өнім шығару көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Келесі жобалар:

- жобалық қуаты 11,9 мың тонна өнім (сала – машина жасау) бар "Maker" ЖШС машина жасау өндірісін жаңғырту. Жобаның құны 13,7 млрд. теңге, 99 жұмыс орны ашылды;

- жобалық қуаты 6 мың тонна "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС катодты мыс шығару зауыты (саласы – металлургия). Жобаның құны 14,1 млрд. теңге, 350 жұмыс орны ашылды.

- жобалық қуаты жылына 2,3 млн. тонна кен, 2900 кг алтын (сала - негізгі асыл және түсті металдар өндірісі) "Алтыналмас АК" АҚ Пустынное АІФ өнімділігін арттыру.

2019 жылы 11 жобаны іске қосу жоспарлануда:

- "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеу зауыты, Жезқазған қ.;

- өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру зауыты"ИНТЕРРИН "ғылыми-өндірістік кәсіпорыны" ЖШС, Нұра ауданы;

- "YDD Corporation" ЖШС ферросилиция өндіру зауыты, Қарағанды қ. ;

– "Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты" ЖШС макулатураны қайта өңдеу және целлюлоза өндіру зауыты, Қарағанды қ.;

- "Жанболат" ШҚ ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру, Жаңаарқа ауданы;

- "Linde Gas" ЖШС техникалық газ өндіру, Теміртау қ.;

- "Steel Manufacturing" ЖШС патрондарды өндіру зауыты, Бұқар-Жырау ауданы;

- "Терма Форм" ЖШС виброналитті фасонды отқа төзімді бұйымдарды шығару зауыты, Бұқар Жырау ауданы;

- "Қазсолар" ЖШС күн электр станциясының құрылысы, Балқаш қ.;

- "КПМ Дельта" ЖШС күн электр станциясының құрылысы, Шет ауданы;

- "Альфарух" ЖШС көтерме бөлу орталығы құрылысының 2-ші кезеңін іске қосу, Қарағанды қ.

- ауыл шаруашылығында – 3,5%-ға (293,4 млрд. тенге) өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 3%-ға (121,2 млрд. теңге), мал шаруашылығы өнімдерінің  4%-ға (171,5 млрд. тенге) өсуі есебінен.

Жоспарланады:

– ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданын 84,5 мың га (қосымша 89,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі алынатын болады), ылғал сақтау технологиясын қолданатын ауданды 32,0 мың га ұлғайту (бұл қосымша 9,6 мың тонна астық өндіруге мүмкіндік береді).

- ірі қара мал басының 21,4 мың басқа, жылқы – 6,2 мың басқа, қой мен ешкі - 18,6 мың басқа, шошқа – 1,2 мың басқа, құс – 157,1 мың басқа өсуі.

 Оның ішінде, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімі қосымша 1,6 млрд.теңге (0,94 мың тонна ет, 3,6 мың тонна сүт, 14,2 млн. дана жұмыртқа, 1,2 мың тонна картоп және 0,08 мың тонна көкөніс) алынатын болады.

- құрылыста – 10%-ға (245,5 млрд. теңге)

Жоспарланған көрсеткіштерге "Нұрлы жол", "Нұрлы Жер", "Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамыту" мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу, сондай-ақ құрылыс саласының барлық субъектілерінің жұмыстарды орындауы есебінен қол жеткізу жоспарлануда, оның ішінде:

- облыстың екі өңірінде 2 мектеп салу: Қарағанды және Жезқазған ққ. (2,7 млрд. теңге));

- жалға берілетін тұрғын үй салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру (12,5 млрд. теңге));

- Сәтбаев қаласында 5 бес қабатты тұрғын үй салу (1,9 млрд. теңге));

- 11 әлеуметтік маңызы бар нысан (4,5 млрд. теңге).

- облыстық маңызы бар автожолдарды қайта құру, жолдарды күрделі және орташа жөндеу; Қарағанды қаласында ферросилиций өндіру зауытын салу ("YDD Corporation" ЖШС), "Жәйрем КБК" АҚ қорғасын концентратын өндіру бойынша байыту комбинатын салуға инвестициялар.

- көлікте – 4,8%-ға (442,5 млрд.теңге)  Қарағанды қ. Солтүстік және Шығыс айналма жолдарын қайта құру 8 млрд теңгеге 48,3 км, 8,9 млрд.теңгеге Балқаш әуеайлағының жасанды ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу, автомобиль жолдарын жөндеу бағдарламасы шеңберінде 10,2 млрд. теңге сомасына облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және басқа да көлік қызметтері (жеке тасымалдау, жүк, жолаушылар тасымалдау) есебінен.  

- саудада 2,3%-ға өсі жоспарланады (2191,1 млрд.теңге)  18,4 млрд.теңгеге 149 жаңа сауда объектілерін салу, 1844 жұмыс орнын құру, онлайн-сауданы дамыту есебінен.

 

 

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы