жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 20°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Экономика салалары шегінде 2017 жылға арналған өңірді дамытудың негізгі нысаналы индикаторлары

Назад

Облыстың экономикалық саясаты Қазақстанды 2050 жылға дейін дамыту стратегиясына, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айқындалған міндеттер мен басымдықтарға бағытталатын болады.

2017 жылы стратегиялық бағдарламалық құжаттар: 2018-2020 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және Қарағанды облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында әзірленді және бекітілді.

Облысты дамытудың алдыңғы кезекті шаралары экономиканы жаңғыртуға және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға, өңірлік инновациялық жүйелерді жандандыруға, адам капиталын, инфрақұрылымдық кешенді дамытуға және облыстың дамуына ықпал ететін институционалдық базаны нығайтуға бағытталатын болады.

2018 жылға жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3% өсіммен (4 трлн.512 млрд.теңге) болжамданды:

- өнеркәсіптегі өсім 2,9%-ға (2 трлн.309,8 млрд.теңге).

Осы көрсеткіштерді Сарыарқа АЭА және Кәсіпкерлікті қолдау Картасының шеңберінде жаңа өндірістерді іске қосу, жүйе құраушы кәсіпорындардың тұрақты жұмысының есебінен қол жеткізіледі:

- 2018 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шойынды шығару 4 352 мың.тонн қарастырылуда немесе 2017 жылға қарағанда 7,4% өсімімен (2017 ж. – 4049,8 мың. тонна),

- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің 2018 жылы тазартылған мысты шығару орындалу көлемдері 2017 жылдың деңгейінде жоспарлануда.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасының шеңберінде іске қосылған жобалардың өнім шығару көлемдердің ұлғайту есебінен:

«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС – Қарағанды фармацевтика кешені үшінші кезегінің құрылысы. Жоба 2015 жылы іске қосылды. 2018 жылға жоспар – 352 млн.теңге.

«Алтай Полиметаллы» ЖШС – «Көктасжал» кен орны базасында тау-кен өңдеу кешенінің құрылысы және пайдалануы, 2016 жылдың желтоқсанында іске қосылды. 2018 жылға жоспар 3100 млн.теңге құрайды немесе өткен жылға 100,7% (3078,7 млн.теңге).

«SevenRefractoriesAsia» ЖШС - отқа төзімді материалдар өндіру зауытының құрылысы. Жоба 2017 жылдың қарашасында іске қосылды. 2018 жылға жоспар 3034 млн.теңге құрайды немесе өткен жылға 416% (730 млн.теңге).

«RecyclingCompany» ЖШС - істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі, көмірсутек және туынды өнімдер өндірісі. Жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды. 2018 жылға жоспар 905,6 млн.теңге құрайды.

«ЭдвансМайнинг Технолоджи» ЖШС - SX EW әдісімен мысты шоғырлы сілтісіздендіру үшін тәжірибелі зауыт құрылысы. Жоба 2017 жылдың қарашасында іске қосылды, 2017 жылы өнім шығару жоспарланбаған. 2018 жылға жоспар 69,9 млн.теңге құрайды.

Одан басқа, 2018 жылы Кәсіпкерлікті қолдау Картасының шеңберінде 4 маңызды жобаларды іске қосу жоспарлануда:

- «Maker» ЖШС-нің «Машина жасау өндірісін жаңғырту». Жобаның құны 13762 млн. теңге, 99 жұмыс орнын құрумен. Жобаның қуаттылығы 11 900 тонна өнімді құрайды;

- «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС-нің «Целлюлоза өндірісі және макулатураны қайта өңдеу бойынша өндірісті ұйымдастыру». Жобаның құны 1600 млн.теңге, 200 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 7000 мың тонна өнімді құрайды.

- «АК Алтыналмас» АҚ-ның «Пустынное ААФ өнімділігін арттыру». Жобаның құны 12114 млн. теңге, 140 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы жылына 2,3 млн. тонна кенді, 2900 кг алтынды құрайды;

- «Saru-Arka Copper Processing» ЖШС-нің «Катод мысын шығару бойынша зауыт құрылысын салу». Жобаның құны 14059,7 млн.теңге, 3500 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 6000 мың тонна.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында 1 жоба іске қосу жоспарлануда:

«SteelManufacturing» ЖШС - жез бұйымдарын өндіру зауыты, инвестиция көлемі – 27,3 млрд.теңге, 164 жұмыс орындарын құру жоспарланған.

 - ауыл шаруашылығында – 3%-ға (266,6 млрд.теңге), өсімдік шаруашылығы өнімдерін 110,8 млрд.теңгеге (102,8%), мал шаруашылығының 155,1 млрд.теңгеге (103,2%) ұлғайту есебінен.

Жоспарлануда:

-ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының жалпы көлемін 83,1 мың гектарға (қосымша 103,6 мың тонна ауыл шаруашылығының өнімі алынады), ылғал ресурс сақтау технологиясын қолдау аумағын – 20 мың гектарға (бұл қосымша 9,0 мың тонна дәнді дақылдар өндіруге мүмкіндік береді);

- ірі мал басын 15,8 мың басқа, жылқы – 11,3 мың басқа, шошқа – 1,5 мың басқа, құс – 69,6 мың басқа өсіру.

Инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2,3 млрд.теңге қосымша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алынады (0,9 мың тонна ет, 3,8 мың тонна сүт, 26,2 млн.дана жұмыртқа және 0,1 мың тонна көкөністер).

- құрылыста – 1,5%-ға (178,9 млрд.теңге) «Нұрлы Жол» және «Нұрлы Жер» мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын іске асыру, сондай-ақ құрылыс саласындағы субъектілерімен жұмыстарды орындау есебінен, оның ішінде:

- облыстың үш аймағында 3 мектептің құрылысы: Қарағанды, Теміртау қалалары, Ақтоғай ауданы (3,1 млрд.теңге);

- несиелік, жалдамалы үйлер және инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру құрылысы (12,6 млрд.теңге);

- Сәтбаев қаласындағы №8 ықшамауданында 107 тұрғын үй және оларға инженерлік инфрақұрылымды жеткізу (2,8 млрд.теңге);

- Сәтбаев қаласындағы №7 ықшамауданында 2 жатақханаларды (1,0 млрд.теңге);

- әлеуметтік-маңызы бар 10 объектілерді (1,7 млрд.теңге).

- көлікте – 4,6%-ға (389,4 млрд.теңге), 48,3 км Қарағанды қаласын Солтүстік және Шығыс айналма жолын 35,1 млрд.теңгеге қайта жаңарту; автомобиль жолдарын жөндеу бағдарлама шеңберінде автомобиль жолдарын жөндеу және басқада көлік қызметтер (жеке тасымалдау, жүк, жолаушы тасымалдау) есебінен;

- саудада 1,7%-ға өсім жоспарлануда (876,5 млрд.теңге), көрсеткішке қол жеткізу жылдық инфляцияны төмендету есебінен жоспарланған (2017 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген шегі– 5-7%).

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:23
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы