жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Инновациялық дамуы

Назад

Жалпы Қарағанды өңіріндегі өндірістік кәсіпорындардың инновациялық белсендлігі 7,0%-дан (2010 жыл) 9,2% -ға дейін өсті (2015 жыл).
2011 жылмен салыстырып қарағанда, инновациялық өнім көлемі 28,2%-ға көбейіп, 18,4 млрд.теңгені құрады. 18,7 млрд. теңгеге өнім сатылды. 9,5 млрд.теңгеге экспортқа инновациялық өнім (жалпы көлемнен 51,6%) қойылған, ол 2010 жылға қарай 23,4 есе көбейген (2010ж. – 405,9 млн.теңге).2015 жылы өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға 11,8 млрд.теңге (жалпы көлемнен 54,2%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне – 11,7 млрд.теңге жұмсалған. Жүргізілген зерттеу деректері бойынша өнім, үдерісті, ұйымдастырушылық және маркетингтің инновациялары бар кәсіпорындардың көбі Қарағанды қаласына (66,7%), Теміртауға (5,1%) және Саранға 5,1%) тиесілі екен.
Облыста инновациялық жұмыстарын аймақтық «Сары-Арқа технопаркі» ЖШС және «Сарыарқа» ӘКК ҰК АҚ жүзеге асырады. «Сары-Арқа технопаркі» ЖШС-ның миссиясы (міндеті) – қолданыстағы өндірістерді, ірі өнеркәсіп мекемелерін жетілдіруге, құны жоғары қосылған жаңа өндіріс орындарын жасауға бағытталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциялауды жүзеге асыратын шағын инновациялық компаниялардың дамуына көмек көрсету. Бүгінгі күнде мемлекеттің және «Сары-Арқа» технопаркінің қолдауымен облыстың инновациялық жүйесі белсенді түрде дамуда. Технопарк көптеген жұмыс түрлерін қамтиды – консалтинг және инфрақұрылым қызметтері, инжиниринг, қолданыстағы өндірістерді, ірі өнеркәсіп мекемелерін жетілдіруге, құны жоғары қосылған жаңа өндіріс орындарын жасауға бағытталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциялауды жүзеге асыратын шағын иннвациялық компаниялардың дамуына көмек көрсету, сондай-ақ инновациялық грант алуға көмек көрсету, «Технологиялық дамудың ұлттық агенттігі» АҚ (ТДҰА) оларды таныстырушы тікелей оператордың қызметін атқарады. Технопарк жүйелі түрде мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндіру үшін бизнесмендердің, кәсіпкерлердің, сертификаты бар коуче, сондай-ақ технопарктің қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар, тренингтер өткізіп, консультациялар беріп тұрады. «Сары-Арқа технопаркі» ЖШС-да Өңірлік коммерциялау орталығы ұйымдастырылып, өз жұмысын атқаруда. Орталықтың негізгі қызметі – перспективті инновациялық жобалар мен технологияларды коммерциалауға мүдделі серіктестерді (лицензия алушы, кәсіпкерлер, инвесторлар) іздестіру: ақпарат жинау және өңірдің перспективті инновациялық жобалары, технологиялары мен әзірлемелер тізілімін қалыптастыру, инновациялық жобаларды әзірлеушілерге лицензия, сертификат алуға көмек көрсету; зияткерлік меншік және басқа да рұқсат ететін құжаттарға құқық алу, беру, қорғауда көмек көрсету.
«Технологиялық бизнес-инкубатор» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бастап 2015 жылға дейін сәтті аяқталған 3 инновациялық жоба қаржыландырылды: ТОМ-2 жылу алмасу модулі бу қазанының өнеркәсіптік өндірісі, өтініші беруші: «Меэнтех»ЖШС; тау-кен, металлургиялық, техногендік материалдарды байыту үшін техникалық құжатамасын әзірлеу; профессор Р.С.Алимхановтың ортопедиялық клиникасы. 2015 жылы Технопарк 24 жоба бойынша алдын-ала маркетингтік зерттеулерді және одан әрі коммерцияландырудың стратегиясын әзірлеп, талдап шықты. Нәтижесінде 14 жоба «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-на «Технологияны коммерцияландыру» инновациялық грантын алуға жолданды.
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №1163 бұйрығымен инновациялық грант жолдамасының тізімі 8-ден 16-ға дейін көбейтілді, оған салалық өнеркәсіптің барлық салалары кіргізіліп, инновациялық жүйе дамуының белсенділігі арта түсетін болады.

Рет

Инновациялық гранттар жолдамасының тізімі

1

Минералдық және көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеудің үдемелі технологиялары

2

Тау-кен металлургиялық кешендегі үдемелі технологиялар

3

Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібінде және агрохимиядағы үдемелі технологиялар

4

Химия және мұнай- химиядағы үдемелі технологиялар

5

Жаңа матералдардың пайдаланылуын қоса отырып, машина жасаудың үдемелі технологиялары

6

Баламалы энергетика, жаңартылатын қуат көзі

7

Энергия тиімділігінің технологиясы

8

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

9

Фармацевтикалық салада, медициналық өнеркәсіпте, биотехнология, гендік инженериядағы үдемелі технологиялар

10

Жеңіл өнеркәсіптегі үдемелі технологиялар

11

Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі үдемелі технологиялар

12

Жаңа материалдардың қолданылуын ескере отырып, құрылыстағы үдемелі технологиялар

13

Буып қаптау өнеркәсібіндегі үдемелі технологиялар

14

Робототехника

15

Нано және ғарыш технологиясы

16

Энергетика

Инновациялық жобалардың даму бағыты мен оларды қарау үшін Қарағанды облысының әкімінің төрағалығымен өңірдің инновациялық кластерін дамыту бойынша ғылыми-техникалық кеңесі жұмыс жасайды. Осы кеңеске ғалымдар, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының, өңірлік даму институтының, салалық басқарламалардың, кәсіпкерлер ассоциацияның өкілдері кіреді. Кеңес қызметінің мақсаты – Қарағанды облысының дамуының жаңа жолдарын және өңір өнеркәсібінің негізгі салаларындағы инновациялық кластерін қалыптастыру. Кеңес жұмысына, материалдарды дайындайтын жұмыс органы ретінде «Сары-Арқа» технопаркі» ЖШС жауапты. Дамудың негізгі ғылыми-техникалық бағыттары анықталып, бекітілген ғылыми-техникалық кеңестер – Қарағанды облысының негізгі өнеркәсіп салаларындағы инновациялық кластерлері.

Рет

Басым салалар

Дамудың негізгі ғылыми-техникалық бағыттары – инновациялық кластерлер

1

Көмір өнеркәсібі

  • Көмірді байыту және жоғары сапалы энергетикалық көмір концентратын өндіру;
  •  Көмірді іріктеп жағу технологиясы;
  • Метан газының өнеркәсіптік шығарылуы және қайта өңделуі.

2

Қара металлургия

  • Жаңа қоспа түрлерінің өндірісі;
  • Металлургия өндірісінің шектен асуы.

3

Түсті металлургия

  • Металл құрамдас кендерді және техногенді минералды түзілімдерді синерго-активациялықұсақтау және байыту.

4

Химия өнеркәсібі

  • Жұқа органикалық синтезі мен полимерлер химиясы;
  • Өнеркәсіптік;
  • Фармация.

5

Машина жасау

Тау-кен-шахталық және байыту жабдықтарының жаңа түрлерін құру;

  • Сандық технологияларды және жоғары құйманы дамыту;
  • Қаттылығы жоғары ыстыққа төзімді матералдар жасау.

6

Құрылыс материалдар өндірісі

  • Металлургиялық техногендік қалдықтарынан клинкерсіз тоқушы және құрғақ қоспаларды алу, оларды азаматтық және жол құрылысында пайдалану.

7

Ауыл шаруашылығы

  • Астықты тереңдете қайта өңдеу және өнімдерді алу;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларының және балықтардың барлық түрлері үшін азықтардың және азық қоспаларының өндірісі.

8

Энергетика

  • Баламалы энергия көздерін дамыту.
Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:15
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы