жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Негізгі капиталға инвестициялар

Назад

2017 жылы негізгі капиталға игерілген инвестициялар 363,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 111,7%.

Инвестиция құрылымының ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (61,2%), жылжымалы мүлікке (13,7%), ауыл шаруашылығына (2,7%), көтерме және бөлшектеп сатуға (3%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметке (2,4%), білім беру (1,5%) салаларына шоғырланған.

Соңғы 5 жылда тау-кен өнеркәсібіне салынған инвестициялар 1,5 есеге артты, өңдеу өнеркәсібінде 8,8% -ға төмендеді. Негізгі капиталға салынатын инвестицияның қаржыландыру көзі – кәсіпорындардың жеке қаржысы (71,4%). Бюджеттік қаражаттың үлесі - 18,9%, заем қаражаты – 3%, банк несиелері – 6,6%-ды құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда Қарағанды облысының инвестициялық климатын жақсарту және инвестицияларды тарту бойынша Кеңестің құрамына инвесторлар, бизнестің, даму институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

Аумақта «бір терезе» негізіне сәйкес ХҚКО, «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ Қарағанды филиалы, Қарағанды облыстық ӘКК және «Даму» КДҚ үшін инвестициялық субсидиялар операторы бар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Инвесторлармен жұмысты реттеу мақсатында Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды қолдау тәртібі әзірленіп, бекітілді. Бұл процедура инвесторларды бастапқы сатыдан толық өндірісті іске қосуды қамтамасыз етеді.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:14
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы