жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Негізгі капиталға инвестициялар

Назад

2018 жылы негізгі капиталға игерілген инвестициялар 469,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 120,6%.

Инвестиция құрылымының ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (68,9%), жылжымалы мүлікке (9,5%), көлік және қоймалау (8,8%), ауыл шаруашылығына (3%), көтерме және бөлшектеп сатуға (2%), білім беру (1,9%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметке (1,7%)  салаларына шоғырланған.

Соңғы 5 жылда тау-кен өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2,2 есеге артты, өңдеу өнеркәсібінде 18%-ға төмендеді.

2018 жылы негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болды (73,1%). Бюджеттік қаражаттың үлесі -  14,5%, заем қаражаты  – 10,3%, банк несиелері  – 2,0%-ды құрады.

          Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда Қарағанды облысының инвестициялық климатын жақсарту және инвестицияларды тарту бойынша Кеңестің құрамына инвесторлар, бизнестің, даму институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

           Аумақта «бір терезе» негізіне сәйкес ХҚКО, «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ Қарағанды филиалы, Қарағанды облыстық ӘКК және «Даму» КДҚ үшін инвестициялық субсидиялар операторы бар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Инвесторлармен жұмысты реттеу мақсатында Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды қолдау тәртібі әзірленіп, бекітілді. Бұл процедура инвесторларды бастапқы сатыдан толық өндірісті іске қосуды қамтамасыз етеді.

Облыста өңірдің мамандандырылған инвестициялық сайты жұмыс істейді. www.investinQ.kz инвестициялар тарту бөлігінде жергілікті атқарушы органдар порталының Интернет талаптарына сәйкес инвестор үшін барлық қажетті ақпарат бар.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы