жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құрылыс

Назад

Құрылыс экономика дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.

2018 жылы облыс бойынша 214,9 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары – 155,1 млрд.тенге (72,2%) көлемінде, күрделі жөндеу – 29,4 млрд.теңге (13,7%), ағымдағы жөндеу жұмысы – 30,5 млрд.тенге (14,1%).

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі Аэропорт құрылысы (ҚР Қорғаныс министрлігі) - 7 млрд.теңге, «Жайремский КБК» АҚ байыту фабрикасының құрылысы - - 19,4 млрд.теңге, катодты мыс шығару бойынша завод құрылысы - 3,1 млрд.теңге, «Саран КЭС» ЖШС күн электростанциясының құрылысы (100 МВт) - 2,1 млрд.теңге.

Аймақтар бойынша облыстық құрылыс жұмыстарының басым бөлігі Қарағанды (31,5%), Теміртау (11,5 %) және Қаражал (13,4%) қалаларына тиесілі.

2018 жылы 443 067 жаңа ғимарат, оның ішінде 375 406 тұрғын және 67 661 тұруға келмейтін нысан іске қосылды. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы ауданы 416,7 мың. ш.м. құрай отырып, 2017 жылғы көлемнен 11,4%-ға  өскен. 4 135 отбасыға жаңа баспана берілді, ол 2017 жылғы деңгейінен 21,9%-ға өскен.

Енгізілген тұрғын үй көлемінің 33,9 %-ы жеке тұрғын үйге (141,6 мың ш.м.), коммерциялық – 27,8% (115,9 мың ш.м.) және мемлекеттік секторының тұрғын үйіне 38,2% (159,3 мың ш.м.).

2016 жылмен салыстырғанда тұрғын үй құрылысына 40,8 млрд.теңгені немесе 82,8% инвестиция салынған. 2018 жылы бюджеттік қаражат есебінен 14 әлеуметтік нысанның құрылысы мен қайта жаңарту қарастырылған, оның ішінде 3 дәрігерлік амбулатория Нұра, Қарқаралы және Жанаарқа аудандарында, Теміртау қ. ІІД полиция бөлімінің Онтүстік-Шығыс бекеті, жедел медециналық көмек қосалқы станциясы (Майқұдық ш/а), Қарағанды қ. зағип және нашар көретін азаматтар үшін облыстық арнайы кітапхананың әкімшілік корпусы, «Қазақ еліне мың алғыс» монументің қою және абаттандыру, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Сәтпаев қ. балабақша  мен оқушылар сарайының құрылысы, зооколекцияны ұстау үшін жаңа ғимараттың құрылысы және ескісін демонтаждау, Қарағанды қ. ӘТК.

Жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға  1 618,9 млн.теңге қарастырылған.

5 нысан салынып, пайдалануға берілді:

- «Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және қайта жанарту» бағдарламасы бойынша – Жанаарқа ауданы Түгіскен а. дәрігерлік амбулаторяның құрылысы;

- «Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау насандарының құрылысы» бағдарламасы бойынша - Теміртау қ. ІІД полиция бөлімінің Онтүстік-Шығыс бекеті;

- «Мәдениет нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша - Қарағанды қ. зағип және нашар көретін азаматтар үшін облыстық арнайы кітапхананың әкімшілік корпусы және установки монумента "Қазақ еліне мың алғыс" монументің орнату: Астана қаласы, "Есіл" ауданы, №25 көше;

- «Жергілікті бюджеттерден даму үшін нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша – Шет ауданыңда С.Сейфуллин атындағы кентте денешынықтыру-сауықтыру кешені.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қараша 2019 08:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы