жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Бизнес үшін әкімшілік шекараларды төмендету

Назад

Облыста бизнес жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді азайту және ол үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары  тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

2017 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің жанында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Комиссия жұмыс істейді. Оның жұмыс қорытындысы бойынша бизнес үшін монополистердің техникалық шарттарды беруді реттеу, жер учаскелерін беру, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзету мәселелері шешілді. Осыған ұқсас комиссиялар облыстың барлық 18 өңірінде жұмыс істейді.

2017 жылдан бастап Қарағандыда «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге толық форматты қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Бұл жерде кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша техникалық шарттар алу мүмкіндігі берілген. 2018 жылы Кәсіпкерлерге 1399 техникалық шарт берілді.

Әкімдіктер мен басқармалардың сайттарында бос жер учаскелерінің электрондық картасы және ірі кәсіпорындардың бос тұрған үй-жайларының картасы жасалды және ашық түрде орналастырылды. 2018 жылы бизнеске барлығы 817 жер учаскесі берілді, оның ішінде 194 аукциондар арқылы және 623 конкурстар арқылы.

Жергілікті деңгейде 2018 жылы кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын 400 – ден астам қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау тұрғысынан тексеру жүргізілді.

Қабылданатын шешімдер мен ЖАО қаулыларының реттеушілік әсеріне талдау жүргізіледі.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы