жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Шағын және орта бизнес

Назад

Шағын және орта бизнесті қолдау өңірдің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнге облыс бойынша шамамен 79 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істеп, осы салада 232,2 мың адам жұмыспен қамтылған – өңірдегі әрбір үшінші адам дерлік. 2017 жылдың олардың өндірген өнім көлемі 1031,6 млрд.теңгеден асты.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуынан бастап жалпы құны 160,6 млрд. теңгені құрайтын 1 404 жоба қолдау тапты, соның ішінде 2017 жылы 32,3 млрд. теңгеге 254 жоба мақұлданған. Осы бағдарламаға көрсетілетін мемлекеттің қолдау шаралары металл өнімдерін шығару өндірісін кеңейтуге, алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы жабдықтарын сатып алуға, автопарктерді жаңартуға, медициналық жабдықтарды жетілдіруге ықпал етті. Нәтижесінде облыс өнеркәсіптерінде 69,4 мың орын сақталып және шамамен 19,2 мың жаңа жұмыс орны (соның ішінде 2017 жылы 8,8 мыңдай жұмыс орны сақталып, құрылған жұмыс орнының саны -1,3 мың) құрылды. Бюджеттің кірісіне 24,1 млрд. теңгеде салық төлемдері түсті, соның ішінде 2017 жылы – 2,7 млрд. теңге.

Бизнес үшін 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кісіпкерлікті дамыту жаңа бағдарламасын жүзеге асыру нақты қолдау болды. Ол бойынша жыл ішінде 1313 ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер оқытылып, олардың 827 ауыл және қала тұрғындары жеңілдікті микрокредиттер алды.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:12
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы