жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ауыл шаруашылығы

Назад

Қарағанды облысының табиғаты мен климаты және географиялық жағынан орналасуы дәнді дақылдар, картоп және көкөністі өсіруге, мал шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша Қазақстанның жетекші өңірлерінің бірі облыс үшін айқындалды.

2018 жылдың облыстағы жалпы өңірлік өнім көлеміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 3,6%-ды құрап отыр.

2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімі, 2017 жылғы деңгеймен салыстырғанда 272 млрд. теңгеге немесе 106,2%-ға өндірілді, соның ішінде өсімдік шаруашылығы – 116 млрд. теңгеге (НКИ – 110,8%), мал шаруашылығы – 155,4 млрд.теңгеге (НКИ – 102,9%).

Егіннің 12,7 ц/га болып орташа шығымдылығының өзінде дәнді дақылдардан жалпы 1 031,2 мың тонна жиналды, 2017 жылғы деңгейден 26,1% - ға артық, барлық санатты шаруашылықтарда 357,9 мың тонна картоп өсірілген, бұл 2017 жылдың деңгейімен салыстырғанда, 11% артық, 102,2 мың тонна көкөніс 0,3% өсімімен жиналды.

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алаңы 2018 жылы 1 149,3 мың га құрады, оның ішінде: дәнді және бұршақты дақылдар – 833,5 мың га (бидай – 626,5 мың га, арпа – 176,3 мың га, сұлы – 17,9 мың га),майлы дақылдар – 17,1 мың га, картофель – 14,5 мың га, ашық грунт көкөністері – 2,9 мың га, жемшөптік – 281,3 мың га.

Егінді алқаптар құрылымын әртараптандыруды есепке ала отырып, сұраныс бар дақылдардың егістік алқаптары өсті, жемшөп дақылдарды (арпа, сұлы) 22,6 мың га, бұршақты дақылдар 3,9 мың га, майлы дақылдар 2 мың га.

Ылғалды ресурсты үнемдеу технологиясы 668,9 мың га ауданында 2017 жылға 11,5% өсіммен қолданылды. Тамшылатып суаруды қолданудың ауданы 1069,5 гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өндіріс көлемінің 57,1% мал шаруашылығы құрап отыр.

Жыл сайын малдың барлық түрлерінің және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көбеюі қамтамасыз етіліп отырады.

 Жалпы облыс бойынша барлық түрдегі меншік шаруашылықтарымен 2017 жылға 0,9% өсіммен 136,9 мың тонна ет, 465,6 мың тонна сүт (3,5%), 726,4 млн. дана жұмыртқа (15,3%), 2 мың тонна жүн өндірілді (1,7% төмендеу).

2019 жылдың 1 қаңтарында барлық санаттағы шаруашылықтардағы ірі қара мал саны 533,8 мың басты құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 5,4%-ға артық, жылқы – 309,7 мың бас (10,4%), қой мен ешкі саны – 933,1 мың бас (4,6% төмендеу), шошқа – 81,7 мың бас (3,4%), құс  – 3 928,9 мың бас (3,9%), қой мен ешкі – 930,9 мың бас (0,2% төмендеу), шошқа – 78,9 мың бас (3,5% төмендеу).

2018 жылы 94 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды, оның ішінде 48 АШК ет бағытында, 46 сүт бағытында, олар 2 302 тонна сүт және 508 тонна ет өндірді. Облыста 112 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығының өнімдері қайта өңделген. Өндіріс көлемін өсіру арқылы етті, еттен жасалған жартылай фабрикаттарды, сүт өнімдерін, макарон өнімдерін, балықты консервілеу және қайта өңдеу өндірісі арта түсті.

8,4 млрд. теңгеге 798 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

АӨК саласында 804 жұмыс орындарын құрумен 31,7 млрд.теңгеге 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр:

1 жоба Кәсіпкерліті қорғау картасында 120 млн.теңгеге 10 жұмыс орындарын құрумен  жоба;

2 жоба «НУХ «КазАгро» АҚ 2 млрд. 991 млн.теңгеге 22 жұмыс орындарын;

 Индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 10 млрд.741 млн.теңгеге 652 жұмыс орындарын құрумен 37 жоба.

17 млрд. 817 млн.теңгеге 120 жұмыс орындарын құрумен шетел инвесторының қатысуымен 1 жоба.

Шетелдік инвестордың қатысуымен 17 млрд. 817 млн. теңгеге 1 жоба 120 жаңа жұмыс орнын құрумен. "Өркендеу" ЖШС "асыл тұқымды гибридтік орталық құру".

2018 жылы 4 820,8 млн. теңгені құрайтын 12 жоба пайдалануға берілді:

Осакаров ауданы" Найдоровское "ЖШС - "көкөніс сақтау қоймасының құрылысы".

Сондай-ақ индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 11 жоба бар.

АӨК 2017-2021  жылдары дамыту бағдарламасының аясында АӨК саласын мемлкеттік қолдау 14,1 млрд.теңгені құрап отыр, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы саласы бойынша – 2 млрд.теңге мал шаруашылығы саласында – 4,9 млн.теңге, инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеу – 7,2млрд.теңге.

2018 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 13 987,1 млн.теңге инвестиция бағытталды, 2017 жыл деңгейінен 35,3% артық, оның ішінде жеке меншік қаражаттарынан 12 069 млн.теңге, банк несиелерінен 476,3 млн.теңге және 1 441,8 млн.теңге басқа қарыздық қаражаттардан.

Азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 3 707,1 млн.теңге инвестиция бағытталған, ол 2017 жылдың сәйкес деңгейінен 87,4% артық.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс өңірлерінде 2018 жыл бойы 824 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда нарық бағасынан төмен бағамен 7,1 млрд.теңгеге өнім сатылды.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы