жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Инфрақұрылым

Назад

 

Электрмен, жылумен, сумен жабдықтау

Қарағанды облысының энергетикалық кешені республикада ең ірі және оған 9 жылу электр станциясы, 67 оқшау қазандық, 735 автономды жылыту жүйелері, 2805,3 км жылу және 24907,8 км электр желілері кіреді.

Электр құрылғылары мен инженерлік желілердің жағдайы елеулі тозумен сипатталады (60%-дан 70%-ға дейін).

Энергетика нысандарын жаңғыртуға инвстициялар табиғи монополия субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламалары және мемлекеттік/салалық бағдарламаларды орындау аясында түседі, сонымен қатар грант қаражаты және қарыздар арқылы шет ұйымдардан. Соңғысы бүгінгі таңда кең тарамаған, дегенмен, қол жеткізілген келісімдер бар (мысалға, ПРООН/ГЭФ, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі энергия сақтау жобалары аясында), бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

ТҮКШ жаңғырту саласында қол жеткізілген көрсеткіштер ретінде 2015 жылдан бергі инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету аталады:

- жылу желілері бойынша 61,5%-дан 59,6%-ға дейін;

- электр желілері бойынша 61,9%-дан 59,5%-ға дейін.

Инженерлік желілердің тозу деңгейінің жыл сайынғы төмендеуі 1-2% шамасында қаражаттандыру көлемдеріне байланысты тербеледі.

2018 жыл қорытындылары бойынша жылу және электр желілерінің тозуын 58,3%-ға дейін төмендету жоспарланады.

2020 жылы жылу желілері бойынша тозуды 54,7%-ға дейін, электр желілері бойынша 57,3%-ға дейін төмендету жоспарланады.

2017 жылы «Қазақмыс Энерджи» ЖШС станцияларында инвестициялық бағдарлама аясында қазандықтар мен турбиналар орнатылысы басталды. Атап айтқанда, Топардағы ГРЭС пен Балқаштағы ТЭЦ 2 жаңа қазандық орнатылуда. Сонымен қатар Топардағы ГРЭС (ТА №3) пен Жезқазғандағы ТЭЦ-та (ТА №8) 2 турбинаны ауыстыру жүруп жатыр, бұның барлығы электр энергиясының шығарылуын 130 (МВт) мегаваттқа арттырады.

2017-2018 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламалар және күрделі жөндеу бағдарламалары аясында «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Жезказганская РЭК» АҚ, «Карагандинская РЭК» ЖШС электр желілері компанияларымен 8,146 млрд.теңге инвестициялар 329,9 км электр желілерін және 94 қосалқы станцияларын жаңғыртуға қарастырылған.

Тозудың төмендеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жылу желілерін қайта құру және жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр.

Осылайша, 2017 жылы Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды және Абай қалаларында жылу желілерін қайта құру жүргізілді, бұл 25 мыңнан астам тұтынушыларды жылумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының Пришахтинск ыйқшам ауданында М-8 жылу магистралін қайта құру аяқталды.

Жобаны жүзеге асыру 31 мыңнан астам Пришахтинск халқын сапалы жылумен және ыстық сумен қамтуға мүмкіндік берді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде 5 жалдамалы үйге қуаты 200 кВт модульды қазандық және Ақтас кентінде 20 үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу желу желілері салынды.

Жылу желілері учаскелерін қайта құру бойынша іс-шаралардың барлығы тұтынушыларға қызмет ету сапасын жақсартуға және жылумен қамту жүйелеріне қосымша тұтынушыларды қосуға бағытталған.

2017-2018 жылдар жылыту маусымына дайындалу үшін барлық көздерден 51,6 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылғы дайындықпен салыстырғанда 7,5 млрд.теңгеге артық.

Жөндеу жұмыстары облыста кестеге сәйкес 100% орындалды.

2017-2018 жылдар жылыту маусымына 6761 үй және 1197 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар (оның ішінде 767 білім беру нысаны, 136 денсаулық сақтау нысаны, 239 мәдениет нысаны және 55 спорт нысаны) 100% дайын.

Бұдан басқа, 94,6 км жылу, 231,3 км су және кәріз желілері, 4249,1 км электр беріліс жолы және 678 қосыалқы станция жөнделді.

Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 7270,9 км, су бұру – 2487,6 км. 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша 231 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қарағанды облысының тұрғын үй қоры ауданы 27,4 млн. шаршы м болатын 107 615 тұрғын үй құрайды, оның ішінде ауданы 15,8 млн. шаршы м болатын 8195 көпқабатты тұрғын үйлер, олардан:

- 6015 үй – қанағаттанарлық жағдайда (11,6 млн. шаршы м, 73,4%);

- 2180 үй – жөндеу қажет (4,2 млн. шаршы м, 26,6%).

Көппәтерлі тұрғын үйлер әр түрлі басқарумен қамтылған:

- 277 – ПИК;

- 63 – ЖШС (оның ішінде ЖК және қызмет ету басқару компаниясы;

-1773 – ТББ (тікелей бірігіп басқару).

Әділет органдарында 4406 кондоминиум нысандары тіркелген, бұл тұрғын үйлердің жалпы санынан 54% құрайды.

 

Көлік инфрақұрылымы

Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 6071,3 км (3549 км және 2522,3 км),оның ішінде асфальтбетонды жабындысымен - 570,5 км, қара ұсақ тасты жабынмен – 2318 км және ақ тас жолымен (ұсақталған таспен) – 3060,5 км, топырақ жол – 122 км.

Автомобиль жолдарында 124 көпір (6 728 п/метр) бар, сутартқыш құбырлар саны – 3440 (51525 п/метр).

Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуін көрсетуде. Осылай, 2017 жыл қорытындысы бойынша автомобиль көлікте жүк және тасымал айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 0,1% өсті.

Қазіргі уақытта облыстың бағыттар желісі 247 бағыттан тұрады, оның ішінде 115 қала ішімен, 36 қала сыртымен, 13 аудан ішімен, 56 облыс ішіндегі қалааралық бағыттар бойынша 250-ден астам елді мекенді тұрақты тасымалдаумен қамтиды. Бұдан басқа, Ресей Федерациясының қалалары - Новосибирск, Екатеринбург, Барнаул, Омск, Томск, Тюмень, Кемер, сонымен қатар, Монғолия - Баян Өлгей облыстың елді мекеннің байланысын қамтамасыз ететін хабарламалармен 24 облысаралық және 8 халықаралық тасымалдаулар ұйымдастырылды.

Резервті ескере отырып, қолданыстағы маршруттарға 1600-ден астам түрлі өлшемдері мен модификациялары бар автобустар тіркелген.

Осы бағыттар бойынша 60 заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жолаушыларды және багажды тасымалдайды.

Облыс төңірегінде 31 жұмыс істеп тұрған теміржол вокзалдары орналасқан.

50-ден астам елді мекендерді қамтитын 8 әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және қала маңындағы темір жол жолаушылар көлік қозғалысы ұйымдастырылған.

Облыстың транспорттық инфрақұрылымының ең ірі және стратегитялық маңызды объектілерінің бірі халықаралық «Сары-арқа» әуежайы болып табылады. Бұл жоғары техникалық және пайдалану сипаттары бар заманауи ғимарат терминалының аэровокзалы.

Қарағанды қаласының әуежайында қуатты әлеует бар және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді. Әуежай классы бірінші санатты ICАО-дерлік барлық ұшақ түрлерін қызмет етуге мүмкіндік береді. Әуежайдан Мәскеу, Новосибирск, Алматы, Өскемен, Қызылорда сияқты ірі қалаларына рейстер жүзеге асырылады.

2017 жылдың жаз кезеңінде Минск, Батуми, Анталия қалаларына халықаралық бағыттары бойынша жаңа әуе бағыттары ашылды.

Сонымен қатар, облыс ішінде жолаушыларды тасымалдауға «Қарағанды-Жезқазған» әуе бағыты жүргізіледі. Тасымалдаушы «Жез-Эйр» Авиакомпания» АҚ болып табылады.

Атап айтқанда, облыс үшін, Жезқазған өңірі үшін Жезқазған қаласының әуежайы бар, онда Жезқазған-Алматы және Жезқазған-Астана облысаралық әуе қатынасы аптасына 2 рет жолаушылар тасымалдауы ұйымдастырылған.

Қарағанды облысында аудандар мен облыс орталығы арасындағы сенімді байланысын қамтамасыз ететін, қатты жабыны бар автомобиль жолдарының желісін арттыру болып табылады. Жол-жөндеу жұмыстарына 2017 жылы 33,5 млрд. теңге жіберілді, 863 км жол жөнделді. Нәтижесінде автомобиль жолданың үлесі 75,5%-ға дейін қанағаттанарлық жағдайға өсті.

 

Телекоммуникация саласы бойынша облыстағы ауылды елді мекендердің түгелі телефонмен қамтылған.

Телекоммуникация саласын монополиясыздандыру және еркін бәсекелестікті дамыту міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өңірде бірнеше тәуелсіз байланыс қызметінің операторлары жұмыс атқарады. 25 елді мекенді «Транстелеком» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қамтамасыз етеді. Төрт мобильді операторлар (KCell, Кар-Тел, Теле-2, Алтел) GSM стандартында жұмыс істейді.

«Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облыстық телекоммуникациясының дирекциясы «Алтел» АҚ-мен бірлесе отырып, Қарағанды облысының аумағында LTE 4G технологиясы арқылы интернетке кіруді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде байланыс саласында көрсеткіштер өсті. Күзетілетін Интернет желісіне кеңжолақты қосылған ауылдық елді мекендердің саны 419 елді мекендерден 56% немесе 236 дейін ұлғайды. Республика бойынша телефон абоненттерінің саны 377 мыңнан астам үй немесе елдегі абоненттерінің жалпы санының 10,1% құрайды.

Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту мақсатында «250 адам және одан да көп тұрғыны бар облыстың ауылдық жерлерде телефон үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы» жобасының іске асырылуы жоспарланып отыр, бұл облыстың шалғай ауылдарында заманауи телекоммуникациялық қызметтерін қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңде, ол «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ облыстың 61 елді мекендерінде жетекші операторларының талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы жоспарланып отыр.

 

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:11
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы