жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Мүлікті жария ету

Назад

Қазақстан Республикасындағы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталған мүлікті және азаматтардың қаржылық активтерін заңдастыру бойынша науқан 2016 жылдың 31 желтоқсанда аяқталды.

Заңдастыру бойынша өткізілген науқан Республиканың азаматтарына қаржылық активтерді және қолда бар мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының аумағында емес, елден тыс жерлерде де заңды айналымға енгізуге мүмкіндік берді.

Науқанның барлық кезеңінде әкімдіктердің жанындағы комиссиялармен мүлікті заңдастыруға 1314 өтініштер қабылданды, оның ішінде 558 өтініш қайтарылды, 756 өтініш 12,9 млрд.теңге заңдастырылған мүліктің сомасына қанағаттандырылды.

756 өтініш бойынша 820 объект заңдастырылды, оның ішінде: 1,6 млрд. теңге сомасына 121 тұрғын объект және 11,3 млрд.теңгеге 699 тұрғын емес объектілер.

Ең көп объектілер Қарағанды қ. – 288 объект 6,7 млрд.теңге сомасына, Жаңаарқа ауданы - 154 объект 128,5 млн.теңгеге, Жезқазған қ. - 73 объект 699,2 млн.теңгеге, Теміртау қ. – 54 объект 692,8 млн.теңгеге заңдастырылды.

Заңдастырылған мүліктің құны бойынша: ең жоғары құны Қарағанды қаласы бойынша – 6,7 млрд.теңге, Бұқар Жырау ауданы бойынша – 1,6 млрд.теңге, Сәтбаев қаласы бойынша - 847,8 млн.теңге құрайды.

Заңдастыру қорытындысы бойынша аудан мен қалалардың бөлінісінде тұрғын және тұруға келмейтін нысандар бойынша заңдастырылған мүліктің құнын талдау өткізілді.

820 заңдастырылған нысадардың жалпы алаңы 248,1 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде тұрғын – 18,4 мың шаршы метр, тұруға келмейтін – 229,7 мың шаршы метр.

Заңдастырылған 1 (бір) ш.м. тұрғын нысандар бойынша орташа құны 89,2 мың теңгені құрады, тұруға келмейтін – 49,1 мың теңге.

Заңдастырылған 1 (бір) ш.м. ең жоғары орташа құны Сәтбаев қаласы бойынша – 98,4 мың.теңге, Шахтинск қаласы бойынша – 93,7 мың.теңге, Шет ауданы бойынша – 83,3 мың.теңге.

Ең төменгі орташа құны Ұлытау ауданы бойынша – 10,1 мың.теңге, Абай ауданы бойынша – 13 мың.теңге.

Заңдастыру бойынша өткізілген науқан активтерді анықтауға мүмкіндік берді, олар облыс бюджетін салық есебінен толықтырып болашақта экономикаға жұмыс істейтін болады.

Өңірлердің есептеулеріне сәйкес заңдастырылған нысандар бойынша күтілетін түсім салығының сомасы шамамен 60,3 млн.теңгені құрайды.

Дата cоздания: 29 Маусым 2016 12:02
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:22
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы