жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Өнеркәсіп

Назад

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында 47,9% өнеркәсіп үлесі алып отыр.

Оның ішінде, облыс бойынша ЖӨӨ жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 32,1%, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 11,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны жақсарту – 3,4%, сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйелері, қалдықтарды жинақтау және оларды бөлуді бақылау үлесі 0,9%-ды құрайды.

Өңір аумағында тау-кен, өңдеу өнеркәсіптері мен электрмен жабдықтау және сумен қамтамасыз ететін шамамен 200 кәсіпорын жұмыс атқаруда.

2018 жылы облыстың өндіріс көлемі 2 566,5 млрд. теңгені, ал өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 331,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Металл кендерін өндірілуі 7,4%-ға, тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер көлемі 1,6 есе өсті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2004,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 98,9%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсіптерінің ішінде түсті металлургияда (0,1%-ға), машина жасауда (34,9%-ға), фармацевтикада (43,1%-ға), тамақ өнімдерін өндіруде (2,9%-ға), басқа металдық емес минералды өнімдерді өндіруде (2,6%-ға) өсу байқалады.

Импортты алмастыру саясаты, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру сияқты Өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген салаларын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік іс-шаралардың тұтас кешенін іске асыру жұмыстары өндіріс көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және жаңа кәсіпорындарды іске қосуға мүмкіндік берді.

Республикалық іс-шаралар жоспары аясында «Тау-Кен Темір» ЖШС, «Теміртау электр металлургия комбинаты» АҚ атты облыстағы өндіріс кәсіпорындарына қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді.

Бұл ретте электрмен жабдықтау тарифтері бойынша төмендету коэффиценттерін  қолдану мәселелерін шешу.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ

2018 жылы болат өндірісінің көлемі 3 300,7 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылғы фактіге қарағанда (4 042,9 мың тонна) 18,4%–ға төмен, прокатты тиеу - 3 208,1 мың тонна, 13,9%-ға төмен (3 726 мың тонна). "АМТ" көлемдерінің төмендеуінің негізгі себебі – газ құбырындағы апат салдарынан 10 қараша мен 28 желтоқсан аралығында металлургиялық комбинат жұмысының тоқтатылуы.

2018 жылғы фактіге қарағанда 2019 жылы шойын шығару 22,1%–ға, болат өндіру 28%-ға, жалпақ прокатты тиеу 20%-ға өсуі жоспарланған.

2018 жылы көмір өндіру көлемі 10 010,6 мың тоннаны немесе 98,6% (10 151 мың тонна) құрады.

2018 жылғы 10 млн.тоннаға қарсы 2019 жылға 11,2 млн.тонна көмір өндіру жоспарланған (12%).

Компания болат өндірісін 5 млн тоннаға дейін арттыру бойынша республикалық индустрияландыру картасына кіретін инвестициялық жобаны іске асырады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында өндірісті жаңғырту аясында 2019 жылы №3 пеш-шөміш қондырғысын іске қосу бойынша инвестициялық жобаны аяқтау жоспарлануда.

Жаңа қондырғыны іске қосу дайындамаларды үздіксіз құю машиналарының (МНҮЗ) жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде әрбір МНДС шикізатпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі.

Инвестициялық жобаны іске асыру 2017 жылы басталды. Қазіргі уақытта жоба аяқталу сатысында.

Домна өндірісін тұрақтандыру мақсатында № 5 агломерасын қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда,іске қосу 2019 жылы жоспарланған.

№1 табақ илектеу цехында илектеу сортын кеңейту және жарамды Өнімнің шығуы үшін ыстықтай илектеу станын қайта құру жалғасуда.

 

             «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

          "Қазақмыс корпорациясында" тазартылған мыс өндірісі 2018 жылы 319,3 мың тоннаны құрады немесе 2017 жылғы фактіге 99,3%, тазартылған алтын – 8 823 кг немесе 9,1% өсті.

 2018 жылдың желтоқсан айында Жезқазған мыс балқыту зауытында екінші № 1 кен-термиялық пеш іске қосылды.

2019 жылы "Қазақмыс" корпорациясында 363,9 мың тонна мыс өндіру немесе 13,9% - ға өсу жоспарлануда.

          Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап облыста 292 млрд. теңге сомасына 87 инвестициялық жоба іске асырылды,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

2018 жылы 39,9 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылды, 489 жұмыс орны ашылды:

            - «Maker» ЖШС-нің «Машина жасау өндірісін жаңғырту» (сала – машина жасау). Жобаның қуаттылығы 11,9 мың тонна өнімді құрайды.  Жобаның құны 13,7 млрд. теңге, 99 жұмыс орнын құрумен;

          -  "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС-нің «Катод мысын шығару бойынша зауыт құрылысын салу». Жобалық қуаттылығы 6 мың тонна өнімді құрайды,  Жобаның құны 14,1 млрд. теңге, 350 жұмыс орнын құрумен;

          - «АК Алтыналмас» АҚ-ның «Пустынное ААФ өнімділігін арттыру». Жобалық қуаттылығы жылына 2,3 млн. тонна кенді, 2900 кг алтынды құрайды (сала – негізгі асыл және түсті металл өндірісі).

          Кәсіпкерлікті қолдау картасының жаңа өндірістерімен 845,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылды, оның ішінде 2018 жылы - 263,4 млрд.теңге.

           

 
Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:10
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы