жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 14°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қоғамдық қауіпсіздік

Назад

Облыста құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тиімді және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша бағдарламалық құжаттар әзірленді және іске асырылуда, мысалы «Қауіпсіз аула», құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды кеңейту желісі бойынша, бөгде мүлікті ұрлауға қарсы әрекет бойынша, сондай-ақ, құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді жоспары.

Сонымен қатар, қызметтің әрбір саласы бойынша жекелеген жоспарлар іске асырылуда, оның ішінде отбасылық жағдайдағы құқық бұзушылықты ескерту, мастықты және қайталап қылмыс жасауды алдын алу бойынша жалпы және жекелеген алдын алу шараларын қарастыру.

Облыс аумағында күн сайын қоғамдық тәртіпті жол-патрульдік полицияның 628 қызметкерлері қамтамасыз етуде, олармен неғұрлым криминогенді 285 маршруттары жабылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 470 әскери қызметшілерінің күнделікті қызметке шығуы қамтамасыз етілген.

Негізгі жол апаттылық учаскелерде жол-патрульдік полицияның және жергілікті полицияның басқа да қызметтерінің қызметкерлерін жұмылдыру арқылы қосымша экипаждар белгіленіп, жұмыс атқаруда.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі 13,4% - ға (26781-ден 23180-ге дейін) қысқарған, оның ішінде ауыр қылмыстардын саны 20165 жылмен салыстырғанда 13,6%-ға (2111-ден 1824-ке дейін) азайды.

Тонаудың саны 18,1%- ға (975 - 799), қарақшылық - 14,0%- ға (50 - 43), бұзақылық - 29,8%- ға (968 - 680), алаяқтық - 3,4%- ға (1849 - 1786), қорқытып алу - 2,2%- ға (45 - 44), бөтеннің мүлкін ұрлау – 13,2%- ға (17021 - 14774), оның ішінде пәтер ұрлығы – 23,0%- ға (3686 - 2838), мал ұрлығы – 1,3%- ға (389 - 384), ұялы телефондарды ұрлау – 18,3%- ға (4204 - 3434) және автокөліктерді ұрлау – 39,5%- ға (114 - 69) қысқартылды.

Қоғамдық орында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 15,1%-ға (7585 - 6443) және көшелерде жасалғаны - 5,1%-ға (3232 - 3068) төмендеген.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарадың тіркелу 24,3%ға (305 - 231) және бұрын қылмыс жасағандармен қайталап қылмыс жасау саны – 34,1%ға (2823 - 1860) қысқарды.

Облыста тіркелген жол-көлік оқиғалардың саны 2017 жылы 8,4% - ға (797-ден 730-ға дейін) қысқартылды. Қаза тапқандар саны 7,3% - ға (150-ден 139-ға дейін) және жарақат алғандар - 5,2% - ға (972-ден 921-ге дейін) азайтылды.

Жеке-алдын алу жұмысын ұйымдастыруға басты назар аударылды.

Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметімен «Тұрмыс-Қадағалау», «Есептегі тұлға», «Профилактика», «Құқық тәртібі» және «Участок» атты және тағыда басқа жедел-профилактикалық іс-шаралары, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 14 жедел-профилактикалық және рейдттік іс-шаралары («Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші» және т.б.) ұйымдастырылып, өткізілді.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 12:01
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:21
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы