жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қоғамдық қауіпсіздік

Назад

Облыста құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тиімді және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.  2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі 11,7% - ға (23180-нен 20476-ға дейін) қысқарған, оның ішінде қылмыстар 12,2% - ға (21118-ден 18542-ге дейін) және проступков  на 6,2%-ға, ( 2062-ден 1934-ке дейін) қысқарды.

Ауыр қылмыстардың 22,5%-ға (1824-тен 1414-ке дейін), аса ауыр қылмыстардың  31%-ға (252-ден 174-ке дейін) төмендеуі байқалады.         Тіркеудің төмендеуі қылмыстардың келесі түрлері бойынша байқалады:  адам өлтіру (-10,7%, 122-ден 109-ға дейін), өлімге әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру (- 19,1%, 68-ден 55-ке дейін),зорлау (-36,8%, 117-ден 74-ке дейін), бұзақылық (-19,4%, 680-нен  548-ге дейін), қарақшылық (-20,9%,  43-тен 34-ке дейін), тонау (-16,4%, 799-дан 668-ге дейін) және автокөліктерді ұрлау (-18,6%, 253-тен  206-ға дейін).

         Одан басқа, бөтен мүлкін ұрлаудың (-12,6%,  14774-тен  12908-ге дейін), соның ішінде пәтер ұрлығы (- 24,1%, 2838-ден 2153-ке дейін), ұялы телефондар ұрлығы (-7,8%,  3434-тен 3167-ге дейін) және мал ұрлығының саны (- 34,4%, 384-тен 252-ге дейін) азайды.

         Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың тіркелуі 6,5%-ға (231 – ден 216-ға дейін), сондай-ақ атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстар  (-43,5%,  23-тен 13-ке дейін) және есіркімен мастану күйінде жасалған қылмыстардың тіркелуі (-40%, 40-тан 24-ке дейін) қысқарды.

         Облыста  тіркелген жол-көлік оқиғалардың саны 25,5% - ға (730-дан 544-ке дейін) қысқартылды. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алғандар - 27,8% - ға (921-ден 665-ке дейін) азайғанмен, қаза тапқандардың саны 33,3% - ға (139-дан 186-ға дейін) артты.

         Жалпы профилактика аясында 17 жедел-профилактикалық іс-шара, талдаудың негізінде аса криминогенді аудандарда 250 жергілікті іс-шара жүргізілді.

Полицияның кешенді күштерімен маневрлеу ұдайы негізде жүргізіледі. Жедел жағдайға жүргізілетін талдаудың негізінде аса криминогенді аудандарда көше қылмыстылығын тұрақтандыру бойынша көшелерде 107 жергілікті іс-шара жүргізілді.

Жасалатын құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында кестеге сәйкес, «Бөтен мүлкін тонау» және «Топтық төбелес» көше қылмыстары бойынша оқу-жаттықтыру жаттығулары өткізіледі. Ол өз кезегінде қылмысардың аталған түрлерін ашуға оң септігін тигізеді.

Автожолдардың апатты-қауіпті бөліктерінде жол-патрулді полициясы полкінің және ПД басқа мүдделі қызметтері қызметкерлерін жұмылдыру арқылы мобильді экипаждың қызмет етуін қосымша ұйымдастырылды.

Жүргізушілердің арасында көлік тәртібін жоғарылату мақсатында мүдделі органдар мен ведомстволардың, оның ішінде бұқаралалық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп мақсатты бағытталған профилактикалық іс-шаралар ( «Мас еместікті бақылау», «Мас жүргізуші», «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Мотоциклист», «Жол» және «Грузовик» сияқты және т.б. 19 профилатикалық және рейдтік іс-шаралар) ұйымдастырылды.

Профилактикалық маңызы бар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жандандырылды.

Қоғамда құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша мүдделі органдармен бірлесіп тоқсан сайын кең ауқымды акциялар жүргізіліп тұрады.

Аумақты абаттандыру ережесін бұзушылықтарды анықтау бойынша көрсеткіштер 12,8%-ға ( 18285-тен 20629-ға дейін) және ит-мысықтарды ұстау 16,3%-ға ( 6870-тен 7824-ке дейін)  жақсарды.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 12:01
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:22
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы