жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Тілдерді дамыту

Назад

Есепті кезеңде облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды.

         Мемлекеттік тілге оқыту облыстың 13 өңірінде орналасқан 6 оқыту орталықтары мен 8 оқыту курстарында жүзеге асырылып, жыл басынан 2199 адам оқытылды (2104 аамды оқыту жоспарланған болатын). Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Тыңдаушылардың басым көпшілігін Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Саран, Сәтбаев және Жезқазған ққ. орналасқан оқыту орталықтары мен курстары және тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Тілдерді оқыту орталығы»  ЖК қамтамасыз етті.

         Ағылшын тіліне оқыту облыстың барлық 18 өңірінде ұйымдастырылған.  2018 жыл басынан облыс бойынша жоспарлы 1399 адамның орнына 1576 адам оқытылды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға жоғары. Тұрғындардың басым көпшілігі Балқаш, Теміртау, Жезқазған және Сәтбаев қалаларымен, тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Тілдерді оқыту орталығы» ЖК-мен қамтамасыз етілді.

         Жыл ағымында облыста «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. 2018 жылы 3214 адам тестілеумен қамтылып, 3087-і (96%) мемлекеттік тілді түрлі деңгейде білетіндерін растады. Жалпы, тестілеу қорытындылары мемлекеттік қызметкерлердің 44,5%-ы қазақ тілін орта және ортадан жоғары (В1, В2) деңгейде; 1,1%-ы жоғары (С1) деңгейде білетіндерін көрсетті.

         Мемлекеттік қызмет көрсету саласы ұйымдарының 61,4%-ы қазақ тілін орта және ортадан жоғары (В1, В2) деңгейде; 3,7%-ы жоғары (С1) деңгейде білетіндерін көрсетті.

         Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізіліп, Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдары тарапынан тіл заңнамасы мен Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

         2018 жылдың қорытындысы бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 88,5% құрады.

         Жыл ағымында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барысын бақылау жұмысы жүргізіліп, облыстың 4 өңіріндегі 32 мемлекеттік мекемеге әдістемелік көмек көрсетілді. 

         Мемлекеттік тілді, үштілділік саясатын және мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру мәселелерін насихаттау мақсатында құрылған, құрамында қоғам қайраткерлері, лингвист ғалымдар, бірнеше тіл меңгерген жастар бар ақпараттық-насихат топтары өңірлерге барып, облыс тұрғындарының түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

         Облыс тұрғындарының тілдік мәдениеттерін арттыру мақсатында Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдығына орай «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығына арналған «Шортанбай жырау тұлғасы: дәуір шындығы және ұлттық дүниетаным» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» көркем оқу шеберлерінің байқауы, Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай республикалық «Өлең – сөздің данасы» жыр мүшайрасы және т.б. шаралар өткізілді.

         Этно-мәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстарының оқытушылары үшін «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін оқытудың өзекті мәселелері» семинары ұйымдастырылды.

         Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау жұмыстарына үлес қосып жүрген тұлғаларды қолдау мақсатындағы облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау дәстүрге айналды. 2018 жылы әр салада қызмет ететін 7 адам лауреат атанды.

         Басқарма тарапынан ономастика саласындағы жұмыстарды үйлестіру жұмыстарына баса мән беріліп келеді. 2018 жылы облыс аумағындағы 7 әкімшілік-аумақтық бірлікке, 284 құрамдас бөлікке және 9 білім беру мекемесіне атау беру мен оларды қайта атау бойынша облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялардың оң қорытындылары берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Қарағанды, Саран, Теміртау, Жезқазған, Қаражал қалалары, Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандары бойынша жүзеге асырылды.

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қарағанды облысының Ұлытау өңірінің топонимикасын зерттеу нәтижесі бойынша «Ұлытау өңірінің топонимикасы» еңбегі жарық көрді.

         Тіл заңнамасы талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған рейд шараларымен облыстағы 8 мыңнан аса көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың 5600 бірлігі қамтылып, 1040  кемшілік анықталды және бүгінгі күнге дейін олардың 885-і (85%) түзетілді.

         ҚР Президентінің Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлығын орындау мақсатында жалпыхалықтық диктант, апробациялық диктант өткізілді, «Қазақша оқы, латынша жаз», «Латынша жазып үйренейік» тренингтері, «Аудиодиктант жазайық» онлайн-акциясы өткізілді, интернет-ресурстарда «Мақалды жалғастыр» зияткерлік онлайн-ойыны ұйымдастырылды, «9 қала, 9 аудан», «Бүгінгі ой», «Латын-караоке» жобалары іске асырылды, «Латын әліпбиімен сауатты жазып үйренгіңіз келе ме?» тақырыбында сауалнама ұйымдастырылды. Латын әліпбиі бойынша өңірлік мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.  Жалпы облыс бойынша    латын әліпбиіне көшу жөніндегі шаралармен 160 мың 643 адам қамтылды.

         2018 жылы әр тоқсанға арнайы бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, мемлекеттік тіл саясатын ақпараттық қолдау жұмыстары жүргізілді. Облыстық «Сарыарқа» телеарнасымен бірлесе отырып, 2017 жылы бастау алған «Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) үйрету телесабақтары» арнайы телевизиялық жобасы жалғасын тапты. Жергілікті «Бірінші Қарағанды» телеарнасында  қазақ тілінің бай сөздік қоры мен салт-санасын дәріптеуге арналған «Сөз - зерде» телебағдарламасы эфирден көрсетілді. Жергілікті баспасөзде мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Қазақ және ағылшын тіліндегі сөздіктер», «Орыс және қазақ тіліндегі тілашар», «Языковой вестник» айдарлары жүргізілді. Жалпы, аймақтық  БАҚ-та тіл саласына қатысты 2011 материал (оның ішінде: 1240 мақала, 78 сюжет, 11 телехабар, 72 телесабақ, 85 интернет-мақала,  525 әлеуметтік желілердегі пост) жарық көрді. Сонымен қатар басқарма тарапынан өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар  Тенгриньюс», «Әдебиет порталы», «Мәдениет» порталы, «Тіл әлемі», «Qasym.kz», секілді танымал ақпараттық порталдарда жарияланды. Есептік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің  үлесі 69%-ды құрады.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 11:59
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:19
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы