жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Тілдерді дамыту

Назад

2017 жылы Қарағанды облысында мемлекеттік тілге оқытылған 2000 адамның: 343 (17,1%) – мемлекеттік қызметшілер; 1460 (73%) – мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері (ХҚКО, білім, құқық қорғау, медицина, банк, пошта және т.б.), 197 (9,8%) – жеке тұлғалар.

Ағылшын тіліне оқытылған 1304 адамның 314-і (24%) - мемлекеттік қызметшілер; 803-і (61,6%) – мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері (ХҚКО, білім, құқық қорғау, медицина, банк, пошта және т.б.), 187-сі (14,32%) – жеке тұлғалар.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеуден 4585 адам өтті, оның ішінде өз білімдерін растағандар: диагностикалық тестілеу – 4023, сертификаттық - 562 адам.

Облыста құжат айналымында мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттарының үлес көлемі 69,9%-ды, шығыс құжаттар – 89,5%-ды құрады.

Мемлекеттік тілді дәріптеу, үштілділік идеяларын насихаттау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» мүшәйрасы, Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылар, көсемсөз шеберлерінің әдеби-шығармашылық байқауы, «Абай оқулары», «Тілдарын» байқаулары өткізіліп келеді. Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған монография жарық көрді.

2017 жылы республикалық және облыстық ономастикалық комиссиялар тарапынан идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын 7 елді-мекен, 11 шағын аудан, 189 көше атауын тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен алмастыру туралы оң қорытындылар шығарылды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған рейд шараларымен облыстағы 8 мыңнан аса көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың 1982 бірлігі (25%) қамтылып, 539 кемшілік анықталды және бүгінгі күнге дейін олардың 452-сі (84%) түзетілді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардан түскен өтініш негізінде 5 кәсіпкерлік нысанында жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылып, заңнамаға қайшы көрнекі ақпараттары түзетілді.

Тіл саясатын ақпараттық қолдау мақсатында тоқсандық медиа-жоспарлар әзірленіп, бекітілді. Олардың негізінде 2017 жылы жергілікті, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 1235 материал жарық көрді (10 телехабар, 11 сұқбат, 48 сюжет, 60 телесабақ, 4 бейнеролик және 1102 мақала).

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 11:59
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:20
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы