жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Мәдениет

Назад

Мәдениет және архивтердің мемлекеттік желісінде 673 мәдениет, өнер және архивтер нысандары бар: 322 кітапхана (оның ішінде 247 ауылдық), 271 клубтық типтегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 20 музей, 20 архив, 2 концерттік бірлестік, облыстық ойын-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, 7 мәдениет және демалыс бағы, кинопрокат, кинотеатр, көрме залы және зообақ.

Мәдениет саласындағы аса маңызды қызмет бағыттарының бірі –ол тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау болып табылады. 2017 жылы мынадай жұмыстарды орындалды:

Орталық Қазақстанның ежелгі металлургиясы, Алтын орда кезеңінің, Қаражартас, Есіл бейіттері қола дәуірі ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер;

Ақтоғай ауданы археологиялық картасы құрастырылып, Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы зерттелді;

Торақ, Жанғабыл, Нұрлан, Беғазы-Дәндібай дәуірі кесенесінде, қола дәуірінің Қаражартас бейітінде реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды облысыныда 16 музей және 4 филиал қызмет етеді.

01.01.2018ж. облыс музейлерінде сақталудағы экспонаттардың жалпы саны 354959 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде негізгі қор – 258985 сақтау бірлігі. Тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу, жинақтау және зерттеу бағдарламасы бойынша облыс музейлерінде жинақтау және ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі. Облыс музейлері ғылыми-зерттеу және жинақтау қызметінің барысында 2017 жылғы 12 айда 5775 экспонат – этнография, декоративтік-қолданбалы өнер, бейнелеу заттары және т.б. тауып жинақтады.

Есепті кезеңде облыс музейлеріне 507 мың 973 адам келді.

Кітап қорында 6 млн.066 мың 288 баспа бірлігі бар, оның ішінде ауылда - 2млн.898 мың 090 бірлік. 364 241 мың оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру – 7 млн 397 мың 170 бірлік, оның ішінде ауылда – 2 млн 859 мың 159 бірлік.

Қазақстанның мәдениет саласындағы саясатын іске асыру мақсатында облыс бойынша 300 мәдени-ойын сауық мекемесі жұмыс жасайды. Рухани тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерді шындап шығару үшін облыстағы клубтық мекемелерінде тұрақты түрде 1753 клубтық үйірмелер жұмыс жасайды, мұндағы қатысушылар саны 35065 адам, оның ішінде көркемөнер үйірмелері мен ұжымдарының саны 1252, қатысушыларының саны 21390 адам.

Ауылдық жерде 1161 клубтық құрылым жұмыс істейді, қатысушыларының саны 15978 адам, оның ішінде 958 көркемөнер ұжымы, бұларға 13569 адам қатысады.

Архивтік жұмыстың өзгермейтін бөлігі – архивтік анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. 2017 жылғы 12 айда 56708 архивтік анықтама берілді, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 1863, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 6104.

«Электрондық архив» ақпараттықжүйесібойынша құжаттарды электрондық форматқа көшіру жұмысы жалғастырылуда. 2017 жылғы 9 айда 9906 құжат аударылды.

2017 жыл республикалық деңгейдегі іс-шараларды өткізумен толы – Қазыбек бидің 350 жылдығы, Әсет Найманбайұлының 150 жылдығы. Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі шегінде 2017 жылғы 4-9 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы мәдениет күндері өткізілді: 5 қыркүйекте «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан Этноауылда Қарағанды облысы мәдениет күндерінің ашылуы өткізілді. Қарағандылықтар басқала қонақтары мен тұрғындарына тамашалауға ауқымды бағдарлама ұсынды – бейнелеу өнері шығармалары мен қол өнершілер туындыларының көрмесі, театр және музыка шығармашылығы. Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын мерекелеу шегінде Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында көпшілік мерекелік іс-шаралар өткізіді, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан ақындарының халықаралық айтысы, «Ордалы сөздің иесі – Қазыбек би» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорындағы экспонаттармен «Атадан қалған асыл мұра» көрмесінің ашылуы, Қазыбек бидің 350 жылдығына орай фотоальбом әзірленді.

Мемлекеттік атаулы күндерге арналған мерекелік іс-шаралар облыстың мәдени өміріндегі жарқын оқиғалары болып табылады. Облыстың барлық аймақтарында Қайырымдылық күні, Наурыз мейрамы мерекелеп өткізілді. Қарағандылықтардың мәдени өміріндегі үлкен оқиға болып өткендері: «Армысың, әз Наурыз» облыстық ақындар айтысы, «Жасқанат» облыстың байқауы, «Ардагерлер ән шырқайды» соғыс және еңбек ардагерлерінің хор ұжымдарының ХХҮІІ облыстық фестивалі, Халықаралық театр күніне арналған салтанатты іс-шара, облыс театрларындағы жаңа премьералыққойылымдар, сырттан шақырылған солистер мен дирижерлермен (Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев қалалары) өткізілген симфониялық оркестр концерттері, «Әеунді Сарыарқа» халықаралық фестивалі, «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» Қасым Аманжолов оқулары, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Сопы Сматаевтың шығармашылық кеші, театр және концерт маусымдарының ашылуы, театрлық және концерттік маусымдарының ашылуы, Жүсіпбек Елебеков атындағы ҮІІ дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ТЮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы, музыкант Дүйсен Қасеиновтың шығармашылық кеші және Жұлдыздар аллеясында оның естелік белгісінің салтанатты ашылуы, С.Сейфуллин атындағы театрының 85 жылдығын мерекелеу, облыстық тарихи-өлкетанушылық музейінің 85 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:19
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы