жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Мәдениет

Назад

Мәдениет және архивтердің мемлекеттік желісінде 669 мәдениет, өнер және архивтер нысандары бар: 318 кітапхана, 271 клубтық типтегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 20 музей, 20 архив, 2 концерттік бірлестік, облыстық ойын-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, 7 мәдениет және демалыс бағы, кинотеатр, көрме залы және зообақ.

Есепті кезеңде облыс кітапханаларының желісі ауылдарды оңтайландыруға байланысты 4 кітапханаға қысқарды (Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің Жаңажол бөлімшесі, Ақтасты ауылдық округі, Бидайық ауылдық округінің № 169 разъезі және Жаңаарқа ауданының Целинный округінің  Орынбай 2 бөлімшесі). Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 396 қаулысы және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің № 40/1 және № 123/01 қаулысы негізінде.

2018 жылы облыстық бюджетті орындау бойынша жоспар – 2 млрд 431 млн 706 мың теңге болса, оның нақты орындалғаны 2 млрд 429 млн 403 мың теңге құрады.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және көпшілік кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында мәдениет және архив мекемелерінің 27 нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 526 млн. 623 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. 267 адам жұмысқа тартылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығынан 137 адам.

Меңгеру 509 млн. 184 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 17 млн. 439 мың теңге көлемінде қаражат үнемделді.

Мәдениет саласындағы аса маңызды қызмет бағыттарының бірі –ол тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау болып табылады. 2018 жылы 113 млн. 860 мың теңге бөлінді, оның ішінде реставрация жұмыстарына 62 млн. 776 мың теңге, археологиялық және әлеуметтік-маңызды жобаларға 51 млн. 084 теңге және төмендегі жұмыстар орындалды:

- археологиялық зерттеулер: Орталық Қазақстандағы көне металлургия ескерткіштері, қола дәуірінің ескерткіштері, Доңғал ІІ, Қарақойтас, Ақсары қорымдары (Қарқаралы ауданы), Балқаш көліндегі (Ақтоғай ауданы) Тасарал аралындағы ескерткіштер, Басқамыр қалашығы (Ұлытау ауданы);

- реставрациялық жұмыстар: Айнан, Оспан (Ақтоғай ауданы), Құтжан қажы (Жаңаарқа ауданы), Қылыш (Нұра ауданы), Дулығалы мешіті, Жәнібек кесенесі, Теректі, Ембұлақ, Талдысай қорымы (Ұлытау ауданы), Саңғыру 1, 2, 3 (Жаңаарқа ауданы), Түндік археологиялық кешені (Қарқаралы ауданы) реставрациялық жұмыстар аяқталды.

 әлеуметтік-маңызды жобалар: каталог шығаруға бағытталған:  «Музейдің археологиялық және этнографиялық коллекциясы» каталогы, «Шет ауданының археологиялық ескерткіштері картасы» археологиялық картасы, «Қазақстан халқының мәдени мұрасы: тарих және қазіргі заман», ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Қарағанды облысының тарихи-археологиялық атласы және эпонимдік ескерткіштері» жинағы, «Арқаның Ақтоғайы», «Сарыарқа петроглифтер әлемі» және «Киелі Қазақстан».

Қарағанды облысында 16 музей және 4 филиалы қызмет етеді.

Облыс музейлерінде 01.01.2019 ж. жағдай бойынша қордағы жалпы жәдігерлер саны 360 667 сақтау бірлігін құрайды, 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5503 бірлікке артық, мұндағы 262 010 сақтау бірлігі негізгі қорды құрайды. Тарихи-мәдени мұраның сақталуын, есепке алуын, жинақтауын және зерттелуін қамтамасыз ету бағдарламсы бойынша облыстың музейлері жинаушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2018 жылы ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстарының барысында 5501 жәдігер жиналды. Ол этнография, қолданбалы өнер бұйымдары, бейнелеу өнерінің туындылары және т.б.

Есепті кезеңде облыс музейлеріне келушілер саны 516 мың 773 адамды құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 8800 адамға өсті.

Бүгінгі күні мемлекеттік кітапханалық желі жүйесіне 318 кітапхана кіреді, оның 242 – ауылдық кітапхана. Модельдік кітапхана дәрежесінде 105 кітапхана.

Кітап қоры 6 млн 011 мың 237 бірліктен құралады, оның ішінде ауылдық кітапханалардың жалпы қоры – 2 млн 243 мың 323 бірлік. Есепті кезеңде  372 мың 210 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру саны 7 млн. 385 мың 846 бірлік, оның ішінде ауылдық жерде – 2 млн. 835 мың бірлік.

Қазақстанның мәдени саясатын іске асыру мақсатында облыста мемлекеттік және меншіктің басқа да түріндегі 319 мәдени-сауық кәсіпорын қызмет етеді. Рухани білім және шығармашылық қабілетін өзіндік іске асыру үшін облыстың клуб мекемелерінде 175362 клубтық құрылымдар тұрақты түрде жұмыс жасайды, мұндағы қатысушылар саны 32391 адам. Оның  ішінде көркем өнер ұжымдары мен үйірмелер – 1218, қатысушылар саны – 21 158 адам.

Ауылдық жерде 1176 клубтық құрылым жұмыс істейді, мұндағы қатысушылар саны 16235 адам, оның ішінде 965 көркем өнер ұжымы, қатысушы саны – 13711 адам.

«Сарыжайлау» кинотеатрында есепті кезеңде 2611 сеанс көрсетілді, 160563 көрермен қамтылды. 136 кинокөрсетілім өңірлерде жүзеге асып, 9221 көрерменді қамтыды. 2018 жылы «Қаз дауысты Қазыбек би», «Көмекей әулие», «Әміре» фильмдерінің премьералары өтті.

Қарағанды облысында 01.01.19 ж. 5 театр және 2 концерттік ұйым қызмет етеді.

2018 жылы театр және концерттік ұйымдармен 1718 спектакль көрсетілді, оның ішінде 32 жаңа қойылым және 1344 концерт. Спектакльдерге келушілер саны 290 177. Концертте қамтылған келушілер саны - 1 млн. 541 мың 742.

2018 жылы ақылы қызмет көлемі 206 млн. 454 мың тг. құрады, 2017 жылдың (200 млн. 631 мың тг.) көрсеткішіне қарағанда 5 млн. 823 мың теңгеге өсті.

Архивтік жұмыстың өзгермес бөлігі – архивтік анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. 12 айдың ішінде 57497 архивтік анықтама берілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 2548, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 9707.

«Электрондық архив» ақпараттық жүйесі бойынша құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмысы жалғастырылуда. 2018 жылдың 12 айында барлығы 7396 құжат цифрланды.

 

Мемлекеттік және атаулы күндерге арналған мерекелік іс-шаралар облыстың мәдени өміріндегі жарқын оқиғалары болып табылады. Облыстың бар аймағы бойынша Қайырымдылық күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылары күні, Жеңіс күні мерекеленді және мәдениет және өнер қызметкерлеріне облыс әкімінің сыйлығын беру салтанаты өткізілді. Қарағандылықтардың мәдени өміріндегі елеулі оқиғалар: Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген І Халықаралық жыршы-жыраулар фестивалі, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткен Қарағанды облысының мәдениет күндері, Халықаралық театр күніне арналған салтанатты шара, облыс театрларында премьералық қойылымдар, симфониялық, джаз оркестрлерінің шақырылған солистерімен және дирижерлерімен (Астана, Алматы, Мәскеу қалалары, Түркия, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) өткізілген концерттері, Ұлытауда өткізілген таяу және қиыр шет елдерінің қатысуымен өткен І Халықаралық музыка фестивалі, Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орай «Қ.И.Сәтбаев – Тұлға. Патриот. Ғалым» атты халықаралық симпозиум, «Жұлдыз-2018» эстрадалық орындаушылардың республикалық байқауы, концерттік және театр маусымдарының ашылуы, облыстық театрлардың халықаралық театрлар фестивальдеріне қатысуы (Ресей, Сербия, Түркия), Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай Бұқар жырау оқулары, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 65 жылдығына орай «Балалардың кітап оқуы елдің зияткерлік әлеуеті ретінде: қиыншылықтары және оларды шешу жолдары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Әуенді Сарыарқа» ХХ Халықаралық фестивалі, «ДосStar» VIII оперетта және мюзикл фестивалі, Жұлдыздар аллеясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметовке арналған атаулы жұлдызды белгісінің ашылуының салтанатты рәсімі, Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған «Көмекей әулие» спектаклінің премьерасы, Қарағанды музыкалық комедиялық академиялық театрының 45 жылдығы, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің 80 жылдығы, Тәттімбет атындағы ҮІІ республикалық қазақ ұлттық аспаптарында орындаушылардың байқауы, «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» республикалық ҮІІІ Аманжолов оқулары, ҚР Тұңғыш Президенті күні, ҚР Тәуелсіздік күні шаралары өтті

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:19
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы