жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Еңбек нарығы мен әлеуметтік қорғау

Назад

2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (республика бойынша – 4,9%).

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекпен қамту қызметінде 3153 жұмыссыз азаматтар тіркелген. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыста 13656 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 6805 – тұрақты.

Облыс бойынша барлығы 57 006 адам жұмыспен қамтылған.

Кедейлік шегінен төмен тұратын 2723 аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 82,1 млн. теңгеде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 183,6 млн. теңге сомасында 10304 балаға тағайындалды.

Жыл басынан бері 5463 аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 124,9 млн.теңгеде тұрғын үй көмегі көрсетілді.

«Өрлеу» жобасын жүзеге асыру аясында 1074 адамға жалпы сомасы 43,7 млн. теңгеде шартты ақшалай көмек тағайындалды, оның ішінде 16,4 млн. теңге республикалық бюджет есебінен.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға 7,229 млрд.тенге бөлінді:

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 0,641 млрд.тенге бөлінді:

- нарық қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіби біліммен кадрларды даярлауға жіберілді – 700 адам (жоспарға 100%);

- еңбек нарығында қажеттілік бар мамандықтар мен дағдылар бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзімді кәсіби оқытудан 7128 адам өтті (жоспар – 5957 адам).

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 4,594 млрд.теңге бөлінді:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1369 адам оқытылды (жоспар – 1313 адам);

- Бағдарламаның бизнес-жобалар жүзеге асыруды жоспарлайтын қатысушыларына 781 микронесиелер берілді (жоспар – 516 адам). Бұдан басқа, қайта инвестициялау есебінен 46 микронесие бөлінді.

Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 1,993 млрд.теңге бөлінді.

933 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды (жоспарлы көрсеткіш 523 адам), жастар тәжірибесіне 815 адам жіберілді (жоспар – 521 адам), инфрақұрылымдық жобаларға 504 адам жұмысқа тұрғызылды (жоспар – 295 адам).

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:18
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы