жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Денсаулық сақтау мен спорт (оның ішінде дене шынықтыруды дамыту)

Назад

2018 жылдың 1 қаңтарына қарай облыстың денсаулық сақтау желісінде 72 мемлекеттік медициналық ұйым (дербес заңды тұлғалар), соның ішінде, 2 – республикалық бағыныста. Оның ішінде, 42 ауруханалық ұйымдар, 13 амбулаториялық-емхана ұйымдары және өзге 17 ұйым есептелді: 1 – ЖҚТБ орталығы (Қарағанды қаласында және Жезқазған, Теміртау, Балқаш қалаларындағы филиалдарымен),1 – Қан орталығы (Қарағанды қаласында және Жезқазған, Теміртау, Балқаш қалаларындағы филиалдарымен), 2 медициналық жедел жәрдем станциясы (Қарағанды, Теміртау қалаларында), 3 медициналық колледж (Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында), медициналық мүлік сақтаудың мамандандырылған қоймасы, 3 балалар үйі (Қарағанды қаласында – 2, Жезқазған қаласында – 1), 5 шипажай, 1 – ҚММУ медициналық ұйымы.

Сондай-ақ, тегін медициналық көмекті кепілденген көлемде көрсетуге 56 жеке меншік медициналық ұйым қатысады.

2017 жылы саланың бюджеті 76,4 млрд. теңге құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 15,2%-ға көп (66,3 млрд. теңге).

Мемлекеттік бағдарламадағы маңызды бағыты денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту болып табылады.

31 денсаулық сақтау объектілері жөнделді.

2017 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 3,3 млрд. теңге жұмсалды. Қаржылық лизинг механизмін және кейінге шегерілген (бөліп төлеу) төлемдерді пайдаланумен 672 бірлік медициналық техника сатып алынды, олардың жалпы бағасы 5,7 млрд. теңгеден асады. 5,7 млрд. теңгеден 2017 жылы 2,3 млрд.тг. төленді, оның ішінде 480,0 млн. теңге – сатып алынған реанимобильдер үшін.

Амбулаториялық науқастарды 36 ауру түрі бойынша тегін дәрілік қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді (2016 ж. – 3,2 млрд. теңге).

Ауруларды ерте анықтау мақсатында профилактикалық скринингтік медициналық тексерулердің 10 түрі жүргізіледі.

1008,8 зерттеу жасалды (жылдық жоспардан 98%). 49,4 мың науқас анықталды (4,91%).

Нәтижесінде халық денсаулығының көрсеткіштері жақсарды. Балалар өлім-жітімі 4,9% төмендеді – 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,1-ден 7,7-ге дейін. Аналар өлім-жітімі 100 мың тірі туғандарға шаққанда 21,4% төмендеді. Туберкулезбен аурушаңдықтың 6,2% төмендегені байқалады - 1000 адамға шаққанда 54,7 жағдайдан 51,3 жағдайға дейін. Осы аурудан өлім-жітім де 27,5% төмендеді – 100 мың адамға шаққанда 6,9-дан 5,0-ге дейін.

15-49 жас арасында АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,39 құрады.

 

Спорт

Облыста 3 033 спорт және дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейтін болса, олар 414 мыңнан астам адамды қамтыған.

Спорттың 96 түрімен айналысады, оның ішінде олимпиадалық түрі – 41 (пәндерімен), олимпиадалық емес түрі – 55.

Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық құрама командасының құрамына облыстың 1 216 спортшысы кіреді.

2017 жылы облыстың 39 541 спортшысы әр түрлі деңгейдегі 910 жарысқа қатысты, оның ішінде 112 облыстық, 521 республикалық, 277 халықаралық жарыстар. Жарыстарға қатысудың қорытындысында 8 190-нан астам медаль (2 682 алтын, 2 478 күміс, 3 030 қола) жеңіп алды.

Облыс аумағында халықаралық және республикалық мәні бар 93 жарыс өткізілді.

Есепті мерзім ішінде 4 адам – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 12 адам - Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спррт шебері, 128 адам – ҚР спорт шебері, 732 адам ҚР спорт шеберлігіне кандидат атағын алды.

Жыл басынан бері облыста 2 ірі креативті шара өткізілді. Олар – Универсиада – 2017 қолдауға арналған Алау эстафетасы өтіп, оған 10 000-нан астам студент қатысты және Қарағандының «Арманға жол» «Karaganda Half Marathon» жартылай марафоны. Бұл шараға алыс және жақын шетелдерден 5 мыңнан астам жартылай марафоншы қатысты.

Алматыда өткен 28-ші Әлемдік Қысқы Универсиадада біздің спортшылар Айдова Екатерина (2 қола медаль), Малышев Сергей (1 күміс және 1 қола медаль), Стоян Анна (қола медаль) 6 медальға ие болды.

Азия Чемпионатында спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрінен 34 медальға – 14 алтын, 8 күміс және 12 қола медальға ие болды.

2018 жылғы Қысқы Олимпиадалық Ойындарға Қарағанды облысы 5 лицензия ұтып алған 3 спортшыны ұсынады.

Басқарманың жұмыс тиімділігі мынадай көрсеткіштерге ие мақсатты индикаторлармен анықталады:

- облыста дене шынықтырумен және спортпен қамту 30,0% немесе 414 166 адам болды (2018 жылға жоспар – 30,1%);

- балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жас жеткіншектерді қамту балалар мен жас жеткіншектердің жалпы санының ішінде 15,7%-ы немесе 28 663 адам болды (2018 жылға жоспар – 15,8%).

Облыс бойынша 8 940 спорттық іс-шара өткізілді. Оған 544 181 адам қатысты. Оның ішінде 27 мыңнан астам адамды қамтыған 9 облыстық Спартакиада бар.

Облыс бойынша ұлттық спорт түрі дамып келеді, ұлттық спорттың 11 түрімен (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) 42 065 адам табысты айналысуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 16 спортшы кіреді.

ҚР селолық спартакиадасында біздің спортшымыз Қожанәсіп Асылхан тоғызқұмалақтан 1-ші орын алды.

Ұлттық ат спорты түрінен республикалық жарыс «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында өткізіліп, онда біздің спортшылар «Жорға жарыстан» - 1 орын, «Тай жарыстан» - 2 орын, «Құнан жарыстан» - 3 орын алды.

Біздің облыста мүгедектер саны 60 851 адам, оның ішінде 3 577 адам спорттың 28 түрімен айналысады. ҚР Ұлттық құрамасына 68 спортшы кіреді.

Өткен жылдың жарқын көрінісінің бірі есту қабілеті бұзылған спортшылардың ХХІІІ Сурдлимпиадалық Ойындарға (Самсун қ., Түркия) қатысуы болды. Қарағанды облысынан бес спорт түрі бойынша (жүзу, таэквондо, каратэ, жеңіл атлетика, спорттық бағдарлау) 10 спортшы қатысқан еді.

Біздің спортшылар Абдраш Аян Сурлимпиадалық Ойындардың алтын медалін (таэквондо), Саламина Елена (каратэ) мен Антоненко Валентина (таэквондо) қола медальдарын жеңіп алды.

Көру қабілеті бұзылған және ПОДА мүгедек спортшылар арасында жүзуден Мехико-Сити қ. өткен Әлем Чемпионатында Звягинцева Наталья алтын медаль, Афанасьев Андрей қола медаль жеңіп алды.

Облыста 2 896 бірлік спорт нысаны жұмыс істейтін болса, оның ішінде 1 111 бірлік ауылдық жерлерде.

Майқұдықтағы Белинский көшесінде және Нұра уаданының Шахтер ауылында жүзу бассейні бар екі дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

«Рухани жаңғыру» жобасының аясында Қарағанды қаласында Республикалық «Кекушинкай Каратэ Бүкілқазақстандық Ұйымы» қоғамдық бірлестігі жасаған жоба бойынша каратэден спорттық аула клубы салынды.

Көпсалалы 13 хоккей корты, 28 спорт алаңы және 5 Street Workout спорт алаңы орнатылды.

Есепті кезеңде басқарма спорттық разрядтар мен санаттар беру жөніндегі 1 322 мемлекеттік қызмет, жергілікті спорт федерацияларын аккредитациялау жөніндегі куәлік беру үшін 12 қызмет және спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру жөнінде 2 қызмет көрсетті.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 26 Тамыз 2019 11:43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы