жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Білім беру

Назад

Білім беру жүйесіндегі барлық жұмыс қолжетімді және сапалы білім беруді дамытуға бағытталған.

2016 жылы салаға бюджеттен 84,1 млрд. теңге бөлінді, бұл 2015 жылдан 20,3% (69,9 млрд. теңге) көп.

Білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін апатты жағдайдағы мектептер саны қысқарады. Нәтижесінде апатты жағдайдағы мектептердің үлесі 0,4% құрады.. Ұлытау ауданының Бетбұлақ а., Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде және Теміртау қаласында апатты мектептердің орнына жанасын салу жалғасуда.

Қарағанды қаласында Панель Центр және 30 ықшам аудандарында үш ауысымдылық мәселелерін шешу үшін мектептер құрылысы жалғасуда.

2017 жылы жөндеу жұмыстарына 4,6 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 2 есе артық. Бұл сомаға 100-ден астам білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтуды арттыру және сапасын жоғарылату жалғасуда.

Облыста 525 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде, 217 бала-бақша және 308 шағын орталықтар. 1-6 жас аралығындағы балалардың 88,3% және 3-пен 6 жас аралығындағы балалардың 98,5% облыста мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек әлі де болса жоғары.

Бұл мәселені шешу жүзеге асуда, оның ішінде жеке меншік балабақшаларда орын ашу, істеп тұрған балабақшаларда бос орындарды ұтымды пайдалану және де әрине жаңа балабақшаларды салу арқылы.

Облыстық бюджет есебінен Жезқазған қаласында 320 рындық балабақша құрылысы жалғасуда.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетіспеушілік мәселесін шешу үшін негізгі екпін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға қойылады.

2017 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 3025 орын ашылды, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда да.

21 жеке меншік және 1 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме ашылды: Қарағанды қ. 1745 орынға 19 жеке меншік балабақша, Темуртау қ. 105 орынға 2 жеке меншік балабақша және Жаңаарқа ауданында 25 орындық «Құлыншақ» мемлекеттік балабақшасы.

Сонымен қатар 30 істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың кеңейтілуі жүргізілді: Қарағанды қ. – 11 мектепке дейінгі ұйымдарда 770 орын; Жаңаарқа ауданында – 17 ұйымда 330 орын; Нұра ауданында – 1 ұйымда 25 орын, Жезқазған қ. – 1 ұйымда 25 орын.

МЖС механизмі аясында 6 жоба жұмыс барысында: Қарағанды қаласында «Армашка», «Одарешка», «Бота», «Аружан», Жезқазған қ. «Алтынбеков» ЖК және Бұқар-Жырау ауданының Көкпекті ауылындағы «Нұрсәби» балабақшалары. 4 жоба бойынша келісімшарт жасалды (Қарағанды қ. Армашка, Одарешка, Бота ж»не Жезқазған қ. «Алтынбеков» ЖК) және 2 жоба «Сарыарқа» ӘКК сараптамасынан өту кезеңінде (Бұқар-Жырау ауданының Көкпекті ауылындағы және Қарағанды қ.).

Облыста 522 жалпы білім мектебі қызмет етеді, оның 515 – мемлекеттік мектептер, 8 – жеке меншік.

1-11 сыныптар оқушыларының оқулықтармен мектеп кітапханалары қоры есебінен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Қажет оқулықтарды сатып алға 2,1 млрд.теңге бөлінді.

2017 жылы «Үздік орта білім ұйымы» облыстық сайысы қорытындылары бойынша Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты Грант иегері атанды. Бэл мақсаттарға облыстық бюджеттен 19 млн.теңге бөлінді.

Орта білім саласында білім беру ұйымдарының ақпараттандырылуы бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде, бұл бір компьютерге шаққандағы оқушылардың санын 5-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Ескірген техниканың үлесі 4%-ға дейін төмендеді. Кең жолақты Интернетке қосылу көрсеткіші 94%-дан 97%-ға дейін өсті.

Жаңа түрлендіру кабинеттерімен қамсыздандырылған жалпы білім мектептерінің үлесі 64,6%-дан 69%-ға дейін өсті.

Облыс мектептерінде инновациялық жобалар белсенді енгізілуде. Қарағанды облысы электронды мектеп, робототехника білімі, үштілдік және инклюзивті білім беру сияқты инновациялық жобалар бойынша республикалық тәжірибелік алаң болып табылады.

Bilimland жобасы аясында цифрлық білім беру ресурстарына облыстың барлық мектептері қосылған. 2017 жылы ЦБР-мен қамсыздандыру 100%. «Робототехника білімі» сынамалы жобасы аясында робототехника зертханалары бар мектептер саны 47-ден 200-ге дейін өсті. Робототехника білімін енгізу бойынша облыс республикада көсбасшылық орынға ие.

2017 жылы электронды сынып журналын енгізген мектептер саны 65-тен 320-ға дейін өсті.

Үш тілде білім беруді дамытудың жол картасы жүзеге асырылуда, оның аясында 50 сынамалы білім беру ұйымдары және 5 ресуртық орталық анықталған.

60 мектеп пен колледждерде Synergy ғылыми-білім беру қорымен бірге «Болашақ инженерлері» жобасын енгізу бойынша жұмыс басталды.

Барлық мектептер Назарбаев Зияткерлік мектептер тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті, оның ішінде 2016 жылы – 1 сынып, 2017 жылы – 2, 5, 7 сыныптар.

2016 жылдан бастап «Edu Mark» мобильді қолданбасы қызмет етеді, ол баланың үлгерімі мен қатысуы туралы ақпаратты алуға, ата-аналар қоғамдастықтарын құруға және күрделі мәселелерді мұғалімдермен талқылауға мүмкіндік береді.

2017 жылы 3 дарынды балаларға арнайы мамандандырылған мектеп интернаттар Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларында ашылды.

2017 жылғы қаңтар айынан бастап Шахтинск қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға орын алу барысында жемқорлық қаупін жою мақсатында «БМҰ кезектілік тізімі» жаңа жобасы жүзеге асырылуда. Тек қана кезекке қою ғана емес сонымен қатар балабақшаға тіркеу үшін анықтама алу да автоматтандырылған. Аталған тәжірибе Қараганды, Жезқазған, Саран, Теміртау қалаларында енгізілген.

Инклюзивті білім беру жүйесін толықтай кіріктіруге жағдай жасау үшін «Инклюзивті балабақша - мектеп-колледж» жобасын жүзеге асырылуда. Жобаға 115 білім беру ұйымы кірді. 700-ден астам мұғалім инклюзивті тәжірибе бойынша оқытудан өтті. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінде логопедтер, мұғалім-дефектолог, инклюзивті білім берудің үйлестірушісі болып енгізілді.

2017 жылы Жезқазған, Шахтинск, Теміртау, қалаларында және Қарқаралы ауданында 4 түзету кабинеттері және Балхаш қаласында психологиялық-медициналық-кеңес ашылды. Сонымен қатар, даму мүмкіндігінде шектеуі бар балаларға арналған сауытандыру орталығының жобалық қуаттылығы 80 орынға кеңейтілді.

Осының барлығы балалар мүгедектілігінің ертерек алдын алуға және уақытылы педагогикалық түзету көмегін беруге мүмкіндік береді.

Есту-көру аппаратының бұзылуы кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленушілерге үйде оқитын балаларға «R.ВОТ 100» сериясының интерактивтік мобилдік бағдарламалық-техникалық кешенін қолдану бойынша тәжірибе жүргізілуде. Аталған робот ерекше білім алу қажеттілігі бар баланың үйде отырып оқу сыныбында тұрған роботты басқаруға мүмкіндік береді.

Облыста жетім-балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 21 білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оның 3-і мемлекеттік емес. Аталған мекмелерде 1069 астам жетім-балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады.

2017 жылы балалар үйінен 125 бала отбасыларға орналастырылды, оның ішінде қорғаншылыққа алынғандар-6, туған үйіне қайтарылғандар-41, патронаттық тәрбиеге берілгендер саны-64 және асырап алғандар саны-5 бала, қабылдау отбаылары-6, отбасылық түрдегі балалар үйі-3.

2016-2020 жылдарға патронаттық қамқорлықты дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда, осыған сәйкес ата-анасы қамқорлығысыз қалған және жетім 551 балаларды отбасыларға патронаттық тәрбиеге орналастыру жоспарланған. Қазір 90 бала патронаттық тәрбиеге берілді, оның ішінде 65-і мемлекеттік балалар мекемесінен.

Ауылдық жерлерде білім сапасын арттыру міндеті өзекті болып тұр, 2017-2018 оқу жылында 44,0% мектеп аз қамтылған. Осы мектептердің мәселесін шешу үшін облыста түрлі деңгейдегі 178 шағын қамтылған мектептерді біріктіретін 34 тірек мектебі бар.

Облыс бойынша ҰБТ 4815 түлек қатысты, оның ішінде 2 897 қазақ тілінде, 1 918 орыс тілінде оқитын. Орташа балл 76,27 ( 2016 жылы - 81,93 балл).

Облыстық олимпиадаға қатысқан ауылдық мектептердегі оқушылар саны 20% артты, облыстық кезеңге ғылыми жобалар ұсынғандар саны 15% - артты. Қарағанды облысының командасы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиада және ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша соңғы 8 жыл бойы үздік олимпиадалық команда атағын тұрақты түрде ұстап келеді. Халықаралық және республикалық олимпиадалар, Президенттік олимпиада және ғылыми жарыстарда 67 медаль алды, оның 9 алтын, 23 күміс, 35 қола.

Облыста мектептегі білім беру 19 859 педагогикалық қызметкерлердің күшімен жүзеге асырылуда, оның 16 999 әйелдер немесе 85,6%, оның ішінде ауылдық жерлерде - 44,1%.

10 526 педагог (немесе 53%) жоғары және бірінші санатты.

Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын енгізу сәтінен «Өрлеу» АҚ және ПШО 8 029 (40,43%) бастауыш сынып, орыс тілі, қазақ тілі және ағылшын тілі, дене шынықтыру, бейнелеу өнері және музыка мұғалімдері оқудан өтті. 2018 жылы 4 454 педагог, немесе 77,08% оқудан өтеді.

Облыстың жалпы білім беру мектептерінде жаратылыстану-математикалық бағытында 2 355 педагог жұмыс жасайды. Олардың ішінде физика мұғалімдері - 587, химия - 467, биология - 621, информатика- 680. 2018 жылы В-1, В-2 деңгейінде 347 пән-мұғалімдері оқуын жалғастырады.

РБ есебінен 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында ұзақ мерзімді тілдік курстарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы 308 мұғалім оқыды, ЖБ есебінен 98 пән-мұғалімі оқыды.

Облыстың 10 мектебі негізінде физика, химия, биология және информатика пәндері 41 педагог арқылы ағылшын тілінде жүргізілуде.

«Үздік педагог» жыл сайынғы республикалық байқау қорытындысы бойынша облыстың 4 мұғалімі жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздарға «Үздік педагог» атағын беру туралы куәлік, төс белгісі берілді және республикалық бюджет есебінен 1000 мәрте АЕК мөлшерінде сыйақы берілді.

Көп балалы, аз қамтылған отбасылардын шыққан, жетім-балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан 100% оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

2 178 балаға соның ішінде-453 апта сайын, 1 725 бала күнделікті тасымалдау ұйымдастырылған.

Инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Облыста арнайы түзету мекемелерінің барлық түрі сақталған және инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.

Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының желісі 17-ден 23 бірлікке дейін артты, оның 10арнайы (түзету) мектеп интернаты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, ол жерде 1 621 бала оқиды және сол жерде тұрады, 2014 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 37 балаға кеміді.

7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, соның ішінде 212 бала 3-ауылдық жерлерде. 40 балаға азаю арқылы аталған көрсеткіштің өзгеруі 3 тай мен 1 жас аралығындағы балаларды сауықтандыру мерзімінің артуына байланысты.

4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жұмыс жасайды, осы жағдай 0 жастан 18 жастағы балалардың тексеру және қаралумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, 2016 жылмен салыстырғанда 6 007 ден 6 641 балаға дейін.

Облыста 1 арнайы «Бөбек» балабақшасы жұмыс жасайды, ол жерде ДМШ 150 тәрбиеленуші бар.

2017 жылы шілде айында Жезқазған, Шахтинск, Теміртау және Қарқаралы ауданында4 түзету кабинеті және Балхаш қаласында бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ашылды. Сонымен қоса, дамуында кемістігі бар балаларға арналған сауықтандыру орталығының жобалық қуаттылығы 80 орынға кеңейтілді.

2017-2018 оқу жылында техникалық кәсіби білім беретін 73 ұйым жұмыс жасауда, оның 47 мемлекеттік және 26 жекеменшік.

Облыстың техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне жаңа оқу жылынан бастап модулдік білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Осы бағдарламамаен оқыту студенттерге бір біліктіліктің орнына 2-3 алуға мүмкіндік береді.

«Тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы бойынша 7 мыңнана астам студент оқуын жалғастыруда, өнімдік жұмыспен қамтамасыз етілу және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 700 адам оқуын жалғастырды.

19 мамандық бойынша 11 колледж аккредитациядан өтті, тағы 3 оқу ұйымы аккредитациядан өтуге әзірленуде.

Барлық колледждерде «ІТ технология негіздері» бойынша курстар жүргізіледі. «Колледж студенттерінің жеке кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» жобасы, барлық мемлекеттік және 9 жеке меншік колледждерде сәтті іске асырылуда.

Колледждер базасында 23 бизнес – мектеп жұмыстарын жалғастыруда. 5 педагогикалық колледждер үштілділік білім беру аясында кадрлар дайындауда, 12 колледж– «қызмет көрсету» («сервис») бағыты бойынша үштілді мамандар даярлауда, 2 политехникалық колледжде үштілділік білім беруді дамыту бойынша кафедрасы ашылған.

Дуалды білім беруді енгізу колледждер саны-40.

Кәсіби машықтану сәйкестілігі және халықаралық талапқа сай студеттер құзыреттілігі мен озық технологиялы болуына жағдай туғызу мақсатында, ТжКБ оқу ұйымдарында заманауи оқу орталығы мен жаттығу полигоны бар, 7 WorldSkills құзыретті орталығы ашылды (Қарағанды политехникалық колледжі, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, Қарағанды технология және сервис колледжі, Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі, Қарағанды тамақтану және сервис колледжі, Қарағанды тау-индустриялық колледжі, Қарағанды агротехникалық колледжі).

Қарағанды облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес «Атамекен», «Рухани Казына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» жобаларын басқару жүйесі бойынша төрт кіші бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыруға енетін жобалар мен қосалқы жобалар тізілімдері құрылды.

2018 жылы білім басқармасы 26 млн. теңгеге 50 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр, оның ішінде: жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары үшін конкурстар, жас туристердің фестивальдері мен кездесулері, педагогикалық жарыстар, облыстың құнды орындарына экскурсиялар, балалар мен жастар ұйымдарын дамытуға бағытталған іс-шаралар.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 26 Тамыз 2019 11:42
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы