жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Сауда (оның ішінде сыртқы экономикалық қызмет)

Назад

2017 жылы бөлшектеп сатылатын тауар айналымының жалпы көлемі 781,1 млрд.теңгені немесе 2016 жылға қарағанда 104,7%-ды құрады. Облыстың республикалық деңгейдегі тауар айналымының үлесі 8,8%. Қарағанды облысы бөлшектеп сатудағы тауар айналымының көлемі бойынша Алматы, Астана және Шығыс Қазақстаннан кейін төртінші орында.

Базарда бөлшектеп саудамен және жеке сауда ісімен айналысатын жеке тұлғалар тауар айналымының 64,8% немесе 505,9 млрд.теңгені қамтамасыз етіп отыр. 35,2% немесе 275,2 млрд.теңге тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың тауар айналымында.

Облыстың көтермелеп сататын базарында 1060,3 млрд.теңгеге тауар сатылған, ол 2016 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға көп екендігін көрсетеді.

Бөлшектеп сатудың жалпы көлемі бойынша азық-түлік тауарлардың үлесі 36,5%, өзге тауарлар 63,5%-ды құрады.

Есеп беру жылы 7,8 млрд.теңге инвестицияны құрайтын 91 жаңа сауда нысаны іске қосылды. POS-терминалдар саны 1221 бірлікке көбейіп, 10312 болды.

2017 жылғы сыртқы тауар айналымының көлемі 6274,5 млн. АҚШ долларын (2016 жыл – 165,0 %), соның ішінде экспорт саны – 4796,7 млн. АҚШ доллары (тауар айналымының жалпы көлемінің 191,8%), импорт – 1477,8 млн.АҚШ доллары (тауар айналымының жалпы көлемінің 135,6% ).

Сауда теңгерімнің сальдосы – 3318,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспортқа шығарылатын негізгі тауарлар – мыс және одан жасалған бұйымдар,мұнай, күміс, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жалпақ илек, суықтай илектелген жалпақ илек,темірден жасалған жартылай фабрикат, тас көмір және басқалар.

Жабдықтар, электр жабдықтары,қара металдан жасалған бұйымдар, ұшу аппараттары, керамикалық бұйымдар, қара металдар илегі, химиялық өнімдер,пластмасс және одан жасалған бұйымдар, көлік құралдары және өзге де импортталады.

Экспорт операциялары бойынша негізгі серіктес мемлекеттер: Ресей Федерациясы (экспорттың жалпы көлемінен 26,4%), Қытай (экспорттың жалпы көлемінен 23,3%), Біріккен Ұлыбритания корольдігі (9,4%), Біріккен Араб Әмірліктері (11,2%), Иран (6,4%), Ұлыбритания (5,1%), Өзбекстан (4,0%) болып табылады.

Импорттау операциялары бойынша негізгі серіктес мемлекеттер: Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінен 57,5%), Қытай (9,8%), Германия (5,1%), Украина (4,1%), Литва (4,0%), АҚШ (2,4%).

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:16
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы