жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Соңғы 10 жылдағы (2008-2018 жж.) өңір дамуының қорытындылары

Назад

Елбасының бастамасымен саяси экономиканың, жаңадан индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламалардың және басқа да шаралардың жүзеге асырылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерін нығайтуға мүмкіндік берді.

2018 жылдың Қарағанды облысының жалпы өңірлік өнімі 4 407,7 млрд.теңгені немесе республиканың жалпы ішкі өнімінен 7,4%-ды құрады. Республика бойынша, Қарағанды облысы Алматы (20,6%), Астана (9,8%) және Атырау (13,2%) облыстарынан кейінгі 4-орында тұр. Облыс бойынша жалпы өңірлік өнім халықтың жан басына шаққанда 3 195,1 мың теңгені (республика бойынша  – 3 261,8 мың теңге) құрап отыр. Бұл республика бойынша 7 орында тұрғандығын көрсетеді.

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесіне – 47,9%, құрылыс – 4,2%, ауыл шаруашылық – 3,6% келеді. Қызмет көрсету өндірісінің құрылымындағы көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеудің үлесі 12,1%-ды, қызмет көрсету саласының – 12,9%, көлік және қоймалау - 6,8%-ды құрайды.

Облыстың ЖӨӨ-нің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 32,1%, тау-кен өнеркәсібі – 11,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны жақсарту – 3,4%, сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйелері, қалдықтарды жинақтау және оларды үлестіруді бақылау үлесі 0,9%-ды құрайды.

Облыс экономикасының негізін өнеркәсіптік өндіріс құрап отыр. Қарағанды облысының кәсіпорындары тас көмірдің 33,2%-ын, темір кенінің 27,6%-ын, мыс кенін өндірудің  28,1%-ын, жалпақ илектің – 100%-ын, тазартылмаған болаттың 83,3%-ын, тазартылған мыстың 76,0%-ын, тазартылған күмістің 33,3%-ын, тазартылған алтынның 11,3%-ын құрайды.

Соңғы он жыл ішінде (2008-2018гг.) өнеркәсіптік өндірісінің өсімі 3,2 есеге артқаны байқалды. Республикада облыстың 2018 жылғы үлес салмағы 10,7% құрады, бұл республика бойынша 2 орында екенін көрсетеді.

Республика бойынша тау-кен өнеркәсібінің үлесі 2,2%-ды құрайды. 2008 жылдан бастап тау-кен өнеркәсібінің көлемі 4 есе өсті. Мыс концентратының 2008 жылы 789,1 мың тонна және 2018 жылы 11 150,8 мың тонна айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілді, 14 есе өсті, сондай–ақ көмір өндірудің өсуі байқалады, 2008 жылы облыста 30,7 млн.тонна көмір, 2018 жылы – 35 млн. тонна өндірілді.

Өндірістік өнеркәсіпте өңдеу өндірісі қомақты үлес қосып отыр, оның республикалық көлемдегі үлес салмағы –19,2%. 2008-2018 жылдар аралығында өңдеу саласындағы өндіріс көлемі 2,3 есеге артты. Оның ішінде өңдеу саласының маңызды үлесін металлургия алып отыр, 2018 жылы оның үлес салмағы 76,6%-ға жетті.

Инвестицияларды тартуға экономикалық өсімнің тұрақтылығы маңызды факторлардың бірі болып отыр. Атап айтқанда, 2008 жылдан бері негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2,2 есеге өсіп, 2018 жылы 469,8 млрд. теңгені құрады. Осы 10 жыл ішінде негізгі капиталға 3,5 трлн.теңге тартылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірілуі 3,3 есеге өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 272 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 43 688-ден 84 032-ге дейін 1,9 есе өсті. Шағын және орта бизнес субъектілері заңды тұлғалардан – 20,6%, шаруа қожалықтарынан – 10,3% және жеке кәсіпорындардан – 69,1% тұрады.

Шағын бизнеспен айналысатындардың саны 1,6 есеге өсіп, 2018 жылы 236,1 мың адамды құрады ( 2008 жылы – 149,5 мың адам).

Шағын және орта бизнес өнімінің 6 есе өсуі қамтамасыз етіліп, 2018 жылы 1325,1 млрд.теңгеге жетті (2008 жылы шығарылған өнім көлемі 222,3 млрд. теңге). 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының республикадағы үлес салмағы 5% құрады.

Облыстың ЖӨӨ-де шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 8,1 пайыздық тармаққа артып, 2018 жылы 15,8% көрсетті (2008 жылы - 7,7%).

10 жыл ішінде бөлшектеп сатылатын тауар айналымының көлемі 3,4 есеге өсіп, 898 млрд теңгені құрады.

Әлемдік экономиканың макроэкономикалық ықпалын ескере отырып, 2018 жылғы сыртқы тауар айналымы 6 612,8 млн.АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспортталуы 4 864,6 млн.АҚШ долларын, импорт 1 748,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Республикада білім беру әдеттегідей басым сала болып табылады. 10 жыл ішінде білім беру саласындағы шығын көлемі 6 еседей өсті.

2008 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде 24 749 млн.теңгеге 13 884 орынға 44 білім беру нысаны пайдалануға берілді (оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер есебінен – 20 619 млн.тенге, жергілікті бюджет қаражаты еебінен – 4 130 млн.теңге), оның ішінде:

- 9 084 орынға 18 жалпы білім беретін мектеп;

- 3 615 орынға 18 балабақша;

- 560 орынға 2 техникалық кәсіби білім колледжі (Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы қ., Нұра ауданындағы Киевка к.);

- 2 типтік спорт залдары (Нұра ауданында Қарой а., Қарағанды қ.);

- Приозер қ. 400 орынға арналған 1 өнер мектебі;

- балабақшаға 1 жапсаржай (техникалық жұмыс дағдыларын дамытуға 25 орынды шеберхана);

- Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ а. 200 орынға 1 мектеп жанындағы интернат;

- облыстық тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға арналған мектепке  жанама салу.

Қазіргі жағдайда әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды өмір сүруін анықтап қана қоймай, оның әлеуетті мүмкіндіктерінің де факторына айналып отыр. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының ең маңызды басымдылығы - азаматтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және сапасын жақсарту болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы басты міндеттерді шешу үшін жыл сайын қаржыландырудың көлемі ұлғаюда. 10 жыл ішінде денсаулық сақтаудың бюджеті 4,4 есе өсті (18,3 млрд.теңгеден 79,9 млрд.теңгеге дейін).

2008 жылдан бері халықтың денсаулық көрсеткіштері жақсарды: жалпы өлім-жітім 23,6%-ға төмендеді, нәрестелердің өлімі 2,7 есеге азайды, туберкулез ауруына шалдыққандар саны 2,6 есеге, осы аурудан қайтыс болғандар саны 5 есеге азайды.

Дұрыс бәсекелестік ортаны құру үшін 69 жеке кәсіпкерлік (53,5%) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде де, қамтамасыз етуге тартылды.

Денсаулық сақтау саласында 2,8 млрд.теңге сомасына МЖӘ-нің 23 жобасы жүзеге асырылды. Осылайша, 4 офтальмологиялық орталықтар (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларында), Шахтинск және Саран ққ. гемодиализ орталықтары, облыстық аллергологиялық орталық, оңалту орталықтары (оның ішінде балаларға арналған) ашылды. Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және тағы басқа қалаларда 9 КТ және МРТ диагностика кабинеттері ашылды.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 10:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы